• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 12 Наурыз, 2020

«Батырлар» отансүйгіштікке баулиды

393 рет
көрсетілді

Қан майданда жаудан жасқанбай, қарсыластан тайсалмай еліне қорған болған қазақ қаһармандарының өмір жолын арқау еткен – «Батырлар» тарихи картинасы қалың көрерменге жол тартты.

Қазақстан тарихындағы қайталанбас тұлғалар жайлы туындыны 12 наурыздан бастап еліміздің кинотеатр­ларынан тамашалауға болады. Картинаның сюжетіне Қарасай сондай-ақ, оның досы Ағынтай мен Таймас батырлардың ерлігі өзек болған.

«Қазақ киносында қа­зіргі заманның батыры жоқ. Мәселен, Қарасай батыр туған елі мен жері үшін күрескен нағыз баһадүр. Оның балалары соғыста шейіт болған. Өзі 19 жекпе-жекке қатысып, біреуінен де же­ңіліс көрмеген. Ол қазақ халқының бірлігін аңсаған. Кино­фильмді көрген жастар өз ата-бабаларының еліміздің жарқын болашағы үшін қалай күрескенін көре алады», дейді кинокартина режиссері Асқар Ұзабаев.

Еңбек жолында ал­ғаш рет тарихи жанрда толық­метражды «Батырлар» кинокартинасын таспалаған режиссер кешегі замандағы қазақ батырларының бәріне бір ғана ортақ мүдде, ортақ қасиет тән екенін айтады.  Ол – Отанына, халқына деген шексіз сүйіспеншілік. Көрермен орта ғасырдағы со­ғыс пен қантөгіске толы замана шындығына куә болады. Осындай қиын-қыстау заманда дүниеге келген бозбаланың тағдыр-талайы бір ғана жолды қалдырған еді. Жастайынан ер мінезді Қарасайды әкесі ба­­­тырлық пен батылдыққа бау­лып өсіреді. Қарапайым боз­бала қолбасшы атағына қалай жетті? Қазақтың кең даласын сақтап қалу үшін ол қандай қадамдарға барды? Осы сұрақтардың жауабын «Батырлар» кинотуын­ды­сында қарама-қарсы кейіп­керлер арқылы ұлттық дүние­танымның қайнар көзі­нен өрбітіп шығарады.

Фильмде басты рөлдерді – Ержан Нұрымбет, Назар Шерхан, Мұрат Бисенбин, Самал Есләмова сынды актерлер сомдап, ғасырдан-ға­сырға жалғасып келе жатқан қазақтың мінезі мен болмысын шынайы көрсетеді.