The Economist Intelligence Unit «2020 әлемдегі өмір сүру деңгейі» рейтингін жариялады. Оның барысында тұрғын үй нарығы, көлік, азық-түлік, киім, байланыс және тағы да басқа ірі мегаполистердегі адамзат қажеттіліктерінің шығыны қамтылған. Осы рейтингте Алматы мен Ташкент үш жыл қатарынан тізімнің соңында.
Әлемде ең қымбат қалалар тізімінде Гонконг пен Сингапур тұр. Бұл тізімді биылғы жылы Жапонияның Оска қаласы толықтырды. Нью-Йорк доллар бағамының түсуіне байланысты 4-ші орынға түсіп қалған, 5-ші орында Париж. Ал Швейцарияның ең қымбат саналатын Цюрих қаласы да осы қатарда. Бұл ондыққа 10-нан 7-ші орынға көтерілген Израильдің Тель-Авив қаласы кіреді. Қалада көлік және автомобильді иелену құны көтеріліп кеткен. Рейтингте ұлттық валютасының құлдырағанына қарамастан бағалар шарықтап кеткен Мәскеу, Санкт-Петербор мен Киев 86-орында. Мамандардың бағамдауынша, Мәскеу қаласындағы бағаның өсуі ҚҚС-ке әсер етіп отыр.
Зерттеушілер мәліметі бойынша арзан қалалар тізімінде Алматы мен Ташкент көрсетіліпті: 132-ші орында. Аталған қалаларда өмір сүру Буэнос-Айрес, Пәкістанның Карачи, Венесуэланың Каракас және Үндістанның Бангалорына қарағанда арзан. Бұл қалаларда азық-түлік бағасымен қатар киім-кешек, шаштараздардың да қызметі қолжетімді көрінеді. Ал бірқатар зерттеушілер рейтингті анықтау барысында барлық экономикалық көрсеткіштер негізге алынуы қажеттігін айтады.
АЛМАТЫ