Бүгінгі күні Қазақстан мен ҚХР (13 рейс), Өзбекстан (24 рейс) және Монғолия (2 рейс) арасында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау тоқтатылды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан (30), Өзбекстан (100) Ресей (300), ҚХР (1000), Моңғолия (30), Украина (50) және Тәжікстан (50) арасында жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға отандық тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін беру тоқтатылды. Бұл бланкілер туристік және тапсырысты маршруттарға арналған еді.
Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша мынадай шаралар қабылданды:
Ресей және Қырғызстанмен екі есе автобустармен және шағын автобустармен жүзеге асырылатын халықаралық қатынастағы тұрақты маршруттар рейстерінің саны шектелді.
Тұрақты және тұрақты емес автобус (шағын автобус) тасымалдарының транзиті тоқтатылды.
Алайда тамақ өнімдерін, халық тұтынатын және медициналық мақсаттағы тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүктерді және почта жөнелтілімдерін автомобиль көлігімен халықаралық екі жақты және транзиттік қатынаста тасымалдау шектелмейді.