• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Қарағандылық кәсіпкерлер Елбасы үндеуіне нақты іспен үлес қосты

92 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Тұңғыш Президенттің барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің коронавируспен күреске бағытталған іс-қимылдарын қолдауға шақырған үндеуін түсіністікпен қабылдады.

Өңірдегі өнеркәсіп секторының өкілдері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының жетекшілері Елбасының әрбір азаматтың коронавируспен күреске өз үлесін қосуы тиіс деген сөзін дұрыс деп санайды. Олар коронавирусқа қарсы күрес үшін қаражат жинайтын «Қор құру» идеясын сөз жүзінде ғана емес, нақты іс атқарып қолдайды.

Мысалы, «Қазақмыс» ЖШС компаниялар тобының еңбек ұжымдары аталған қорға 400 млн теңге аударды. Сондай-ақ, бұл бастаманы «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Абай ауданының «Шанс» пен Бұқар жырау ауданының «Жәке» шаруа қожалықтары, «Шерубай су» ЖШС, «Киров атындағы ӨК» ЖШС және басқа да  ірілі-ұсақты компаниялар қолдады.

 

Қарағанды облысы