• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2013

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ

693 рет
көрсетілді

Қазақ әдебиеті мен рухания­ты тағы бір ауыр қазаға ұшы­рады. 75 жасқа қараған шағында қарымды қаламгер, ұлтымыздың ұлағатты азаматы Сабыржан Шүкірұлы дүниеден озды.

Тумысынан табиғаты таза шығармашылық өкілі 1939 жы­лы 12 тамызда Қостанай об­лысы, Әулиекөл ауданы, Дос­тияр мекенінде дүниеге келген. 1959-1961 жылдары Оң­түстік Торғай кен зерттеу және барлау экспедициясындағы то­­пографиялық отрядта құры­лысшы, Жангелдин аудан­дық байланыс торабында телефон монтері, аудандық қам­сыз­дандыру бөлімінде инспектор, 1961-1965 жылдары аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жа­ңа өмір» – «Новая жизнь» газет­терінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі, 1965 жылы Жангелдин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды.

1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1972 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдаған соң Торғай облыстық партия ко­­митетінде нұсқаушы болып қызмет етті. 1974-1988 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қа­­зір­гі «Егемен Қазақстан») га­зетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, аға тілші, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1990 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, 1992-1998 жылдары «Сұхбат» экономикалық ап­та­лығының бас редакторы, «Ана тілі» ұлт апталығы бас ре­дак­торының орынбаса­ры жұ­мыс­тарын жемісті атқар­ды.

Са­быржан Шүкірұлы – Қа­зақстан Жазушылар және Жур­налистер одақтарының мүшесі. Табан­ды еңбегі мен қарымды шығар­машылық қызметі үшін 1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталып, 1989 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алған. Ол – 1993 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Шығармашылық иесінің қа­ла­мынан туған «Тамаша өмір», «Шақшақ Жәнібек» атты деректі әңгімелері, «Нақпа-нақ» атты ой түйіндері, «Руха­ни өріс кер­неуі» әдеби сын-зерт­теуі мен «О заманда бұ за­ман» атты пуб­лицистикалық кітаптары оқыр­­ман қауымнан жоғары баға­сын алған. Ұлт­жанды қалам­гердің ой түйін­дері мер­зімді баспасөз бетте­рінде жиі жарық көріп, ұр­пақ­тың дамуына, ұлағатты аза­маттардың қа­лып­тасып, отан­сүйгіштік қасиет­тердің өріс­теуіне игі әсер етті. Өмір­де сыпайы да мәдениетті қал­пынан айнымаған, бекзат болмысты, адамгершілігі мол, көркем мінезді, еңбекқор, аяу­­лы әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде ұзақ сақталады.

Қазақстан Жазушылар

одағы басқармасы.

Қайран, Сәкем, бақұл бол!

«А, Құдай, қазаға сабыр бере көр!» деп, соңғы екі айдың жүзінде жалбарынуда болғанымызбен, беті қатты науқастан жүрегі құрғыр қанша секем алып, үміт пен үрейдің қайшыласуында жүргенімізбен: «Сабыржан қайтыс болды», деген суық сөз оқыс естіліп, төбемнен жай түсіргендей болды. Енді-енді ес біліп, азамат атанған шақтан бері өмірдің жол-соқпақтарында қол ұстасып бірге жүрген, жалындаған жастықтың көп қызықтарын бірге көріп, жасамыс тартқан шақта ойымыз да, сойымыз да жарасқан жан досымнан қапияда айырылып қалармын деген ой қаперімде жоқ еді ғой.

Сонау қарт Торғайдың қасиетті топырағында, алақандай ғана аудандық газеттің шаңырағы астында жалғасқан көңіліміз бен жарасқан өміріміз қандай қызық еді. Одан бері де, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Социалистік Қазақстанның» құт-берекелі қабырғасында шыңдалған шығармашылық достығымыз да дүйім елдің назарында болды. Енді соның бәрі естелік болып, өткен күннің еншісінде қала беретіні қандай қиын. «Шіркін, Сабыржанның әзілі-ай!..» деп небір ұтқыр сөздерін, тапты