• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2020

Түркістан: Құдалық өткізгендер 5 тәулікке қамалды

158 рет
көрсетілді

Облыста төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамалған. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау -  санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты.

Айта кетейік, арнайы  мониторинг топтарымен дезинфекциялау шаралары күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар  ақпараты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынылып отыр.