Карантин кезеңінде МДҰ әкімшілік жұмыскерлері коронавирустың алдын алу бойынша ұсынымдарды орындауы керек. Бұл Қазақстан аумағында пандемияны жою мен вирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған. Аталған мақсатта Білім министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға бірқатар ұсынымдар берді.
Балабақшалардағы әкімшілік жұмыскерлер санитарлық-эпидемиологиялық және профилактикалық шараларды күшейтуі керек.
Одан басқа:
Балаларын балабақшаға, дамытушы мектептер мен басқа үйірмелерге апармау мүмкіндігі бар ата-аналарға оларды үйде қалдыруға кеңес беріледі. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин кезеңінде барлық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жабылады, алайда балалардың орындары бекітіледі және сақталады. 5 сәуірге дейін балалардың кез келген спорттық, туристік және мәдени іс-шараларға баруына тыйым салынады.Пандемияның таралуын азайту үшін бірқатар қағидаларды сақтау қажет: Мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілік жұмыскерлері оқушылардың ата-аналарымен және жұмыскерлермен жеке және қоғамдық тазалық қағидалары туралы әңгіме жүргізуі керек, атап айтқанда – қолды үнемі жуу және арнайы антисептиктермен тазарту қажеттілігі туралы; Үй ішінде, тіпті карантин кезінде де дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, мұқият тазалауды жүргізу керек; Ауа тартқышты желдету шахтасын тазалау (ластануына қарай); Тазалағыш құралдарды жуғыш және дезинфекциялық заттарды қолданып шаю, құрғату және таза күйінде сақтау.