И.Сталин 1947 жылдың тамызында полигонды құру қаулысына қол қойды.
1949 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағы Шығыс Қазақстандағы Семей ядролық полигонында бірінші атом бомбасының сынағын өткізді.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Кеңес Одағы құлауға төрт ай қалғанда Семей ядролық полигонын жапты.
И.Сталин 1947 жылдың тамызында полигонды құру қаулысына қол қойды.
1949 жылдың 29 тамызында Кеңес Одағы Шығыс Қазақстандағы Семей ядролық полигонында бірінші атом бомбасының сынағын өткізді.
1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Кеңес Одағы құлауға төрт ай қалғанда Семей ядролық полигонын жапты.
1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан мен АҚШ кең ауқымды дипломатиялық қарым-қатынастар орната бастады. Қазақстандағы ядролық арсеналдың тағдырына қатысты мәселе екі ел басшылары үшін алдыңғы қатарлы маңызға ие болды.
1991 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Кеңес Одағы формалды түрде өзінің өмір сүруін тоқтатты. Қазақстан 370 ядролық оқтұмсықты Х-55 қанатты зымырандармен жарақтандырылған 40-қа тарта ТУ-95 ауыр бомбалаушы эскадронға, сондай-ақ 104 МБР РС-20 (НАТО жүйелеуінде SS-18 «Сатана») континентаралық баллистикалық зымырандары (КБЗ) үшін әрқайсысының тротилдік баламасының қуаты 1 мегатонна болатын 1040 ядролық оқтұмсықты құрайтын әлемдегі 4-ші ядролық арсеналға ие болды.
1992 жылдың 23 мамырында Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қаруларға шектеу қою және қысқарту жөніндегі (СНВ-1 келісіміне) Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау міндеттемесін бекітті және ядролық қаруға ие болудан бас тартты.
1992 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Парламенті СНВ-1 келісімін ратификациялады.
1993 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Химиялық қаруды қолдану, жинау, өндіру, жасап шығаруға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияға (ХҚК) қол қойды.
1993 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Парламенті Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартын (ЯҚТШ) ратификациялады. Сол күні Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Вице-президенті Альберт Гор Қазақстанда қауіптерді бірлесе қысқарту (Нанн-Лугардың) бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашатын рамалық келісімге қол қойды.
Қазақстан 1994 жылы ядролық қарудан бас тарту туралы шешімнен бастап таратпау саласында көшбасшы болып келеді. Сол кездің өзінде Қазақстан 1400 ядролық оқтұмсыққа ие болды. Бұл Франция, Ұлыбритания және Қытайды қоса алғандағыдан да көп.
1994 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі. Қазіргі таңда республиканың барлық ядролық нысандары МАГАТЭ-нің кең ауқымды кепілдігінде.
1994 жылдың 14 ақпанында Президент Н.Назарбаев ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде, Ядролық қаруды тарат