• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2013

Дүбірге толы дүние

242 рет
көрсетілді

Расында да қазір жұрт назары Сирияда. Онда екі жарым жылдай уақыттан бері соғыс жүріп жатыр. 100 мыңнан астам адам қаза тапқан. Енді сол соғыс жаңа сипат алып, ол бұрынғыдан да күшейетіндей. Оған әлемнің жетекші елдерінің де қатысуы қаупі туып отыр.

 ПАН ГИ МУН: «БҮКІЛ ӘЛЕМ СИРИЯҒА ҚАРАП ОТЫР»

Расында да қазір жұрт назары Сирияда. Онда екі жарым жылдай уақыттан бері соғыс жүріп жатыр. 100 мыңнан астам адам қаза тапқан. Енді сол соғыс жаңа сипат алып, ол бұрынғыдан да күшейетіндей. Оған әлемнің жетекші елдерінің де қатысуы қаупі туып отыр.

Сириядағы жағдайдың жаңа бетбұрыс алуы онда химиялық қарудың қолданылуына байланысты болды. Дамаск қаласының іргесіндегі Муадамияда осыдан он күн бұрын химиялық шабуыл жасалып, одан бірнеше жүзден 1300-ге дейін адам қаза тапқан. Әлі анықталмаған жай көп: сол қаруды кім қолданғаны да, қанша адам қаза тапқаны даулы. Ресми билік пен оппозиция бір-біріне жабады. Сірә, ешқайсысы күнәні өз мойнына ала қоймас.

Сырттағылардың пікірі де екі­ұдай. Бірақ соңғы кезде АҚШ бастаған Еуропаның жетекші елдері күнәні Башар Асадқа артып отыр. Ал Сирия билігіне шырылдап ара түсетін негізінен жалғыз Ресей. Онда да ол Сирия айыпты емес деп кесіп айта алмай, анығына жеткенше оған соғыс ашпаңдар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатын күтіңдер дегенді айтудан жалықпайды. Бұл қулықтың сыры оңай ашылады – Ресей мен Қытай, өздерінің вето құқын пайдаланып, Сирияға қарсы шешімді қабылдатпай тастайды.

Мұндай жағдайда күн тәртібіне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шеші­міне қарамай, химиялық қаруды қолданғаны үшін Сирияны жазалау мәселесі мықтап қойылып отыр. Бұған АҚШ пен Еуропаның жетекші елдері келісіп қойғандай. Сейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обаманың бұл жөніндегі жоспары да мәлім болды. Ол бойынша Сирияға қарсы екі күндік әскери операция өткізілуі мүмкін. Басқаларды былай қойғанда, тек АҚШ-тың Жерорта теңізіндегі 6-шы флотының, Парсы шығанағындағы және Араб теңізіндегі 5-ші флотының күштері-ақ Сирияға есеңгірете соққы бере алатыны анық. АҚШ-ты қолдап, іске кірісетінін Ұлыбритания мен Франция бірден мәлімдеді. Ал Түркия БҰҰ мандатынсыз-ақ Сирияға кіруге әзірлігін білдірді.

Мұндай екі күндік соққы беру мерзімі мынадай үш факторға қатысты белгіленбек: алдымен Дамаск маңындағы химиялық шабуыл туралы ақпарат толық жинақталуы керек, одақтастармен ақылдасып, АҚШ конгресінің келісімі алынады және мәселенің құқықтық жағын негіздеу. Бұған біраз уақыт кететіні анық. Содан да бүгін-ертең қырқысу бастала қоймас.

Қазір БҰҰ-ның арнаулы комиссиясы химиялық шабуыл жасаған аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сирия басшылығы бұл комиссияның келуіне де бір­шама қарсылық көрсетті. Соның өзінен де оның кінәсі аңғарылғандай болды. Адал болса, алдымен сол комиссияны өздері шақыруы керек еді ғой деген пікірдің де жаны бар. Сондай-ақ, дүйсенбі күні сол комиссия нұсқаушыларына оқ та атылған. Оны да біраз жұрт Сирия билігінен көреді.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун атап өткендей, бүкіл әлем қа­зір Сириядағы жағдайға көз тігіп отыр. Өкінішке қарай, БҰҰ-ның өзі де, оның Қауіпсіздік Кеңесі де бүл шиеленісті шешуде дәрменсіздік көрсетіп отырғаны да әлемнің көз алдында. Біреулер Қауіпсіздік Кеңесінде пәрменді шешім қабыл­дауға мүмкіндік бермесе, оны Бас Ассамблеяның талқылауына шығаруға да болар еді ғой дейсің.

 

ҚҰН СҰРАҒАН ЖҰРТ КӨБЕЙДІ

Қаза бар жерде қиянат бар. Әділдікке жүгінсек, қиянат жасағандар жауап беруге тиіс. Оның да түрлі жолы бар. Біреуге жаза кесіледі, біреу құнын дүниемен өтейді. Әрине, сол қиянат жасады дегендер өз кінәларын мойындап, тағылған айыптарды өтеуге дайын екендігін білдірген күнде ғана ол жүзеге асады. Ал олай болатынына күмән көп.

Тарихта, бір елдердің дәстүрінде құн төлеу болып жатады. Соғысқан екі елдің жеңілгені, әсіресе, сол соғысқа себепші болған ел айыпталып, ақыры әскери де, экономикалық та құн төлеп шығады. Алысқа бармай-ақ, оған кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі айқын мысал. Германия, Жапония зауал тартты. Әйтпесе бір елдердің дәстүрінде әртүрлі қақтығыста адам қазасы болса, оған құн төленеді. Түрлі геноцидтік саясат үшін де бір елдерден құн сұ