• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2013

Бейбітшілік миссиясы

2431 рет
көрсетілді

ХХ ғасырда қазақ басына төнген ұлы апаттардың бірі Семей атом сынақ полигоны еді. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО аумағындағы ең ірі сынақ алаңы жабылған сәтте ел ертеңі, баянды болашағы үшін қуанып, теңіздей толқыды. Мемлекет басшысының бастамасымен сол уақыттан бергі 22 жыл ішінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусызданудың көшбасшысы бола отырып, адамзат тарихындағы бейбітшілік миссиясын жүзеге асыруды берік қолға алды. Президенттің парасатты бастамасының бірі 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін қазір әлем бойынша атап өту дәстүрге айналды.

 

ХХ ғасырда қазақ басына төнген ұлы апаттардың бірі Семей атом сынақ полигоны еді. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО аумағындағы ең ірі сынақ алаңы жабылған сәтте ел ертеңі, баянды болашағы үшін қуанып, теңіздей толқыды. Мемлекет басшысының бастамасымен сол уақыттан бергі 22 жыл ішінде Қазақстан жаһандық ядролық қарусызданудың көшбасшысы бола отырып, адамзат тарихындағы бейбітшілік миссиясын жүзеге асыруды берік қолға алды. Президенттің парасатты бастамасының бірі 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін қазір әлем бойынша атап өту дәстүрге айналды.

Семей қаласында аталған ха­лық­­аралық күнге және Семей сынақ по­лигонының жабылғанына 22 жыл толуына орай маңызды жиындар өтті.

Әрине, радиациалық сәуле­ле­нудің зардаптары ұзақ уақыт бойы сақталады. Бұл – ақиқат. 40 жыл бойы жүргізілген алапат жа­ры­лыстардың ізі ширек ға­сырда өше қоймайды. Сондықтан да, яд­ролық қару адамзатты ажал апанына итермелеген жойқын қару саналады.

Полигон зардаптарын терең сезінген Семей халқы үшін атау­лы күннің маңызы ерекше. Осы орай­да Семей мемлекеттік меди­ци­на университетінде «Эко­ло­гия. Радиация. Денсаулық» тақы­ры­бында IX халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтті. Кон­ференция жұмысына Жапония, Оң­түстік Корея, Чехия, Финляндия, Үн­діс­тан, Қырғызстан, Ресей және та­ғы басқа елдердің жетекші ғалым­дары қатысты.

Жиын шеңберінде радиациалық экология және қауіпсіздік, меди­циналық алдын алу, экологиялық қолайсыз ай­мақ тұрғындарын емдеу және сауық­ты­ру сынды өзекті мәселелер қарас­ты­рылды.

– Радиациялық сәулеленудің әсері ядролық сынақтар өткізілген Қазақстан үшін ғана емес, әлем­дік қауымдастық үшін де өте маңызды, – деді Қырғызстан-Ре­сей славян университетінің кафед­ра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, про­фес­сор Георгий Белов. – Қыр­ғызстанда да бұл өзекті мә­селе болып табылады. Өйткені, транс­шекаралық өзендер мен ауа ағымы арқылы радиацианың таралу қаупін ешкім жоққа шығара алмайды. Оның үстіне Сырдария мен Шу өзендерінің бойындағы алқаптарда ірі уран қой­малары бар. Түрлі табиғи апаттар тө­тен­ше жағдай туғызуы мүмкін. Бұл мә­се­лелерді шешу халықаралық қауым­дастықтың қатысуын талап етеді. Осы бағытта халықаралық зерттеу жүргізіп, бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайынбыз.

2011 жылы Жапонияның Фу­ку­сима АЭС-інде орын алған апат Күншығыс елінің басынан өткерген үлкен сынағы деуге болады. Осы ретте конференцияға қатысушы Нагасаки университетінің вице-президенті Шуничи Ямасито Фу­ку­симада апат орын алғаннан кейінгі 2,5 жылдан соң балалар мен жас­өспірімдердің денсаулығы тексе­рілгенін жеткізді. Айта кетерлігі, 18 жасқа дейінгі балалардың 99 пайызы дерлік күрделі радиация сәулесін алмаған. Дегенмен, денсаулығынан кінәрат табылған азғантай адамдар шоғыры жоқ емес. Оларда қалқанша безінде қауіпті ауру түрлері туындай бастағаны белгілі болған.

– Жапониядағы қайғылы жағ­дай кезінде көмек қолын созған қазақ­стандықтарға, әсіресе, се­мей­ліктерге жапон халқының атынан алғыс біл­діремін. Қазіргі кезде де біз бірлескен зерт­теу жұмыстарын жалғастыру үстін­деміз, – деді Ш.Яма­сито.

Ол қазақстандық-жапондық «JACA» жо­басын жүзеге асыру шең­берін­­де Семей өңіріндегі медицинаның дамуы­на салмақты үлес қосылғанын атап өтті. Осы еңбегін ескерген Семей қала­лық мәслихаты жапондық маманға «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын берді.

Бүгінде Семейдегі Бейбітшілік аралы ядролық сынақтан зардап шеккен халықтың қайғы-қасіретіне тағзым ететін қастерлі орынға айналған. Бұл күні де алыс және жақын шетелдерден келген ме