• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2013

Сапаға салғырттық

276 рет
көрсетілді

бақылаушылардың өзіне бақылауды күшейтуді қажет етеді

Бізде құрылыс жұмыстарының қай түрінің де құлашы кеңдігін сүйінішпен айтамыз. Әрине, қуанарлық құбылыс. Алайда, байқалып жүргендей, кей ретте басы бар, аяғы жоқ болуын, са­пасы сан соқтыруын, алаяқ­тықтың аяқтан шалуын ойдан ысыра алмайсың. Осыған байланысты өкпе-реніштер қай жерде де аз кездеспейді. Соның ішінде жұрт көңілін алаңдатушы келеңсіздіктің үлкені әдетте ауыз сумен қамтамасыз ету ісі төңі­регінде шилығып жатады.

бақылаушылардың өзіне бақылауды күшейтуді қажет етеді

Бізде құрылыс жұмыстарының қай түрінің де құлашы кеңдігін сүйінішпен айтамыз. Әрине, қуанарлық құбылыс. Алайда, байқалып жүргендей, кей ретте басы бар, аяғы жоқ болуын, са­пасы сан соқтыруын, алаяқ­тықтың аяқтан шалуын ойдан ысыра алмайсың. Осыған байланысты өкпе-реніштер қай жерде де аз кездеспейді. Соның ішінде жұрт көңілін алаңдатушы келеңсіздіктің үлкені әдетте ауыз сумен қамтамасыз ету ісі төңі­регінде шилығып жатады.

Аяқ­талмай қалатын, аяқталса аз уақыт өтпей шиі шығып, аяқ астынан қысатын жайлар сирек емес болса, солардың бірі өткен қыс ортасында облыстың Қарқаралы, Бұқаржырау аудандары ауылдары тұрғындарын қатты қобалжытқаны ұмытыла қой­ған жоқ. Одан кейінгі тағы бір дүрбелең Қарағандының тап іргесіндегі Дубовканы жаз бойы дүңкілдетті. Осыдан екі жыл бұ­рын аталған кент көше бойларына тартыла бастаған су құбырлары құрылысының межелі мерзімнен ұзаққа созылып, бітпеуі бір басқа, істі біраз былықпайлар бүлдірген екен. Талай жыл түстеріне еніп, енді шынымен өңге айналатындай шақта біреулеріне шымдап жетіп, біреулеріне мүлдем жетпей сусыз қалған үйлер тұрғындарының біресе Бұқар жырау ауданы әкім­дігіне, біресе тексеру орган­да­рына шағымданып, алыс-жа­қынға амалсыз шапқылауы ғана шала-шарпы жұмысты қайта қозғағандай болды. Істі басынан іріткен жобалық-сметалық құжаттама жасау кезінде үйлер мен су құбырларының арақашықтығы асырылып көрсетілуі білініп есеп­телді ме, білінбей есептелді ме – оны тексерушілер анықтауға тиіс.

Басы дардай болып басталып, соңы шілдей бо­лып құ­й­ымшықталатын мұндай істер­дің аймақта ұшырасуы бір бұл емес. Алдында «Ауыз су» одан соң «Ақбұлақ» бағдарламасы бо­й­ынша жалғасқан 20-ға тарта жобалар біреуінің жайы жоғарыда айтылса, Теміртаудың шеткергі екі кварталын орталықтандырған су жүйесіне қосу да толық тындырылмады. Бұдан бірнеше жыл бұрын су құбырлары жаңартылып, мәселе ақыры шешілгендей болған Қаражал, Балқаш қалаларында жағдай толық жақсарды деп айтуға келмейді. Қаншама қаржы төгіліп, күш жұмсалған істің сапасыздығы салдары суға телміртуші күндерді қайта оралтып жүреді. Ал кейбір жерлердің мемлекеттік көмекті дер кезінде пайдалана алмайтындығын қайтерсіз. Айталық, Жезқазған қаласының су жүйелерін жаңғырту үшін бөлінбек 3,5 млрд. теңге жобалық-сметалық құжаттама мез­гілінде жасалмағандықтан кейінге шегерілді.

Бұл жайттарды әңгіме етудің себебі бар. Биыл облыс аумағында 232 шақырымдық су құбыры тартылып жатыр. Нәрді жеткізетін 11 нысан құрылысы қалай салынуда, сапасына, қаржының игерілуіне бақылау қалай? Осыны білуге тырысқанымызбен, амал не, еш жауап болмады. Егер ертең Дубовкадағыдай орта жолда тасталып, игілігін көру ұзаққа созылса таңдануға болмастығы талас туғызбайтындығына қауіптенесің.

Елді мекендерді сумен қам­тамасыз етуге арналған бағ­дар­ламалар бойынша істердің қолға алынғанына бірнеше жыл болып бара жатқанымен кейбір нанғысыз жайларды да айтпауға болмас. Мәселен, қиян түкпірдегі болса бір сәрі, Қарағанды мен Теміртаудан атшаптырым жердегі Асы ауылының 334 тұрғыны күні бүгінге дейін цистернамен тасылатын суды тұтынуға мәжбүр болып келеді. Ол 3 шақырым қашықтықтағы Қаражар ауылынан жеткізіледі. Үнемі мезгілінде әкеліп тұрмайтын, жетпей жататын, тазалығы да күмәнділеу су таласып-тармасып амалсыз ішіледі.

Су тарту құрылыстарын са­лудағы осындай бір түйіткілді жайларды аз-кем дәйектермен ортаға салып өттік. Мамандармен пікірлесуде білінгендей, бұлар бақылаудың босаңдығынан орын алатын көрінеді.

Жалпы, жобалық-сметалық құжаттама жасаудан шығатын қулықтар бұл саламен қатар басқа да буындарды қамтуы оншалықты құпия еместігінің және бір түріне назар аударып көрейік. Мәселен, құрылыста алдымен нысанды салу басталып, артынан ғана тиісті құжаттар толтырылатын фактілер жиі кездесетіні айтылады. Айтылғанымен не қайыр, мұндай өрескелдікке шек қояр ша