• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Серіктестік әлеуеті серпін қосылғанда артады

382 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзадан, Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзеден, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сухээден, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэннен және Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненнен Сенім грамоталарын қабылдады.

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзадан, Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзеден, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жагир Сухээден, Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лэ Юйчэннен және Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Унто Калерво Райсаненнен Сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың қызметтері сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық әлеуетін барынша арттыруға бағытталатынына сенім білдірді. «Біздің еліміз бүгінгі тәуелсіз дамудың маңызды және жауапты кезеңін бастан өткізіп отыр. Өткен жылғы желтоқсанда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Елімізде халықаралық маңызы бар бірқатар ауқымды жобалар іске асып жатқаны мәлім. Қа­зақ­станның түрлі құрлықтағы се­ріктестерінің бірлесіп күш салуы­мен елімізде ірі «Қашаған» мұнай-газ кен орны өндірісі ен­гізілейін деп отыр. «Қорғас – Жетіген» темір жолы іске қо­сыл­ды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистральдік дәлізі жү­зеге асырылуда. Еліміздің Ре­сеймен және Беларусьпен Кеден одағына және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше болуының арқасында Қазақстан нарығының мүмкіндіктері арта түсуде. Жаңартылған және баламалы энергия көздерін дамыту үшін елімізде озық технологиялар мәселесі қолға алынып жатыр. Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуінің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін болады», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақ­стандағы ауқымды жаңалықтар экономикалық қана емес, саяси өлшемдерді де қамтитынын, бұл­ ретте Қазақстан өңірлік және әлемдік кезекті проблема­лар­ды шешуге белсене қатысып отыр­ғанын жеткізді. «Оған біз­дің ЕҚЫҰ-ға, Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымына, Еуразия экономикалық қоғамдастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­на, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына және Түркі ке­ңесіне төрағалық еткені дәлел. Біздің еліміз Ауғанстанды қал­пына келтіру ісінде әлемдік қоғамдастыққа көмек көрсетіп келеді, сондай-ақ, Иранның ядро­лық проблемасын шешуіне де үлес қосуда. Биылғы жылдың көктемінде Алматыда Иран мә­селесі бойынша халықаралық келіссөздер өткізілді. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық ілгерішіл бастамаларды­ қол­дап, жаһандық және өңір­лік қауіпсіздікке өз үлесін қоса беретін болады», деді Н.Назарбаев.

Бұдан кейін Елбасы Сенім грамоталарын тапсырған елдер мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы жайына тоқталып өтті. Мәселен, Мемлекет басшысы ҚХР-мен ынтымақтастық Қазақ­станның сыртқы саясаттағы ба­сым бағыттарының бірі болып табылатынын, бұл ретте жан-жақты серіктестік рухында екіжақты өзара іс-қимыл қарқыны ұдайы артып келе жатқанын атап өтті. «Бұл Қытай Халық Рес­публикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ал­дағы алғашқы мемлекеттік сапа­ры­ның нәтижесінде жаңаша дамитын болмақ. Сіз біздің хал­қымыздың арасындағы сенім мен өзара түсіністікті одан әрі жалғастыра беруге күш сала­ты­ныңызға кәміл сенемін», деді Н.Назарбаев ҚХР-дің Қа­зақ­стандағы елшісіне қарата айтқан сөзінде.

Ал Моңғолиямен арадағы ын­тымақтастыққа тоқталған Қа­зақстан Президенті бұл елмен өзара іс-қимылды жан-жақ­ты дамытуға да жете мән бері­ліп келе жатқанын атап өт­ті. «Біздің саяси үнқатысу орнат­қан ведомстволық байланыстары­мыз бен парламенттік ынты­мақ­тастығымыз дамып келеді. Үкіметаралық деңгейдегі іскерлік байланыстарды жандандыруға күш салуымыз керек. Бұл ре