• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Сәуір, 2020

Елордалық тәртіп сақшылар мұқтаж жандарға азық-түлік себетін таратты

243 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясы аясында азық-түлік себеттерін таратты деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Ішкі істер министрлігі, тергеу бөлімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің фронт-кеңсесі қызметкерлері «Біз біргеміз» бастамасына үн қосып, тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне барды. Акция елорда әкімдігінің қолдауымен өтті. Науқан аясында полиция қызметкерлері мен Президент Әкімшілігі фронт-кеңсесі 30 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетін дайындады. 

«Қалалық еріктілердің атсалысуымен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Азық-түлік себеттері тарату кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталды. Себетте ұн, қарақұмық, макарон, көкөніс сынды қажетті азық-түліктер салынған», - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Айта кетсек, «Біз біргеміз» акциясына елордалық кәсіпкерлер қатыстып, 70-ке жуық отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттерін таратты.