• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Сәуір, 2020

«Air Astana» елорданың мұқтаж тұрғындарына азық-түлік себеттерін тарту етті

162 рет
көрсетілді

«Air Astana» әуе компаниясы «Біз біргеміз» акциясына қатысты деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық отбасылар кезекті азық-түлік себеттерін алды. Бұл жолы «Air Astana» әуе компаниясының демеушілігімен, макарон, ұн, тауық еті, көкөніс пен басқа да қажетті азық-түліктер жеткізілді. Барлығы 30 отбасы көмек алды.

«Қатарымызда көптеген ерікті бар. Қала бойынша 150-ден астам. Бүгін 15 адам бастамаға үн қосып, азық-түлік таратуға жәрдемдесті. Сондай-ақ, бізге автоволонтерлер де көмектеседі. Көптеген жүргізушілер, мейірімді, қайырымды адамдар ерікті түрде өз есебінен азық-түлік себеттерін тасымалдайды», – дейді ерікті Лаура Тогулбаева.

Айта кетейік, «Біз біргеміз» акциясы елорда әкімдігінің қолдауымен өтуде. Осы аптада кәсіпкерлер, заңгерлер мен полицейлер мұқтаж отбасыларға ондаған азық-түлік себетін тарту етті.