Елді мекендерді су басу қаупі тек қана Шүлбі мен Сілеті су қоймаларынан су жіберу нәтижесінде туындауы мүмкін, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов мәліметті.
– Еріген қар суы басу қаупі толықтай жойылды, – дейді Ернұр Өтегенов. – Жағдай тұрақты. Біздің облысымыздың және көршілес облыстардың барлық аумағында қар толығымен еріді. Сондай-ақ Ертістің саласы мұздан толығымен тазаланды. Өзеннің бойындағы су басу қаупі бар 11 елді мекен бақылауға алынды. Жалпы ұзындығы 13 шақырымдағы бөгеттерді орнату және нығайту бойынша қорғау іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта Ақтоғай және Баянауыл аудандарында аз ғана қауіп төніп тұр. Бұл Сілеті және Ащысу өзендерінің арнасынан еріген қар суының ағуына байланысты.
Спикердің айтуынша, елді мекендерде еріген қар суынан қауіп жоқ. Оған қарды алдын ала ертешығару және су өткізу құрылыстарын тазалау септігін тигізген.
Бүгінгі таңда Сілеті су қоймасының толуы 73 пайызды құрайды. Осыған байланысты суды жіберудің көбеюі күтілмейді және су қоймасы санитарлық су жіберуді өткізу режимінде жұмыс істейді.
– Шүлбі су қоймасына судың ағуы бойынша болжамды ақпаратқа сүйенетін болсақ, су тасқынының қалған бөлігі қиындықсыз өтеді депайтуға болады, - деді Ернұр Өтегенов. – Қазіргі уақытта жыл сайынғы табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберудің дайындық кезеңі басталды. Қатер туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар департаментпен бірлесіп, барлық қажетті шараларды қабылдайды.