• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Отандық ғалымдар онлайн кеңес беруде

252 рет
көрсетілді

Аграрлық сала ғалымдары қазіргідей төтенше жағдайға кезінде егін егу науқанына байланысты фермерлерге әлеуметтік желілер мен жедел хабарламалар арқылы кеңес беруде.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты елордадағы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті ғалымдары «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ  ғалымдарымен бірлесе отырып Facebook, Instagram, Telegram, Youtube каналы және басқа да интернет-ресурстар арқылы фермерлерге қашықтан кеңес беру ұйымдастыруда.

Дәлірек айтсақ, 30 наурыздан бастап ҚазАТУ-дың мамандары ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығына байланысты ауқымды мәселелерді  ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында 55 мың фермерге көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша осыған дейін 7 онлайн-кеңес өткізген. Алда әлі де бірнеше рет онлайн кеңес беру жоспарлануда. Ғалымдардың арнайы егін шаруашылығындағы өндірістік қорғау мен топырақ құнарлылығын арттыру, тыңайтқыштарды пайдалануға байланысты арнайы кеңестер жасап, университеттің Youtube каналы мен өзге де әлеуметтік желілер арқылы фермерлерге жіберілуде. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша негізінен интернет арқылы кеңестер сұрақ-жауап түрінде жүргізілуде. Сонымен қоса фермерлерді элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету, тыңайтқыштарды дұрыс қолдану, паразиттер мен ауруларға қарсы агрохимиялық шаралар жүргізу, ұрықтандырудың жасанды технологияларын енгізу, жердің құнарлығын жақсарту және басқа да мәселелер ерекше қызықтырып отыр.

«Осыған дейінгі жылдарда ғалымдар шаруа қожалықтарына барып түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырып отырған. Биылғы жағдайға байланысты барлық жағдай қашықтан ұйымдастырылуда. Мұндай мүмкіндік өз кезегінде тиімді де болып отыр», дейді фермерлер.

Себебі семинар отырысына арнайы келмей-ақ шаруа қожалығының басында отырып қатысу мүмкіндігі бар. Шаруалар өздерін толғандырған сұрақтарын кеңес барысында қойып, ғалымдардан тұщымды жауап алуда. Онлайн кездесуден кейін ғалымдар жеке ұсыныстары мен тұжырымдамаларын фермерлердің электронды поштасына жолдады.

«Қазір егіс жұмыстары жүріп жатқан кезіде фермерлерге қолдау көрсету өте маңызды. Тіпті кезек күттірмейтін шаруа. Біз барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып заманауи технологиялардың көмегімен Қазақстанның фермерлеріне қажетті кеңестер беріп отыруды тоқтатпаймыз», – деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Басқарма Төрағасы Ақылбек Күрішбаев.  

Ұйымдастырушылардың сөзінше кеңес беру кезінде университеттің ғарыш ақпараттық жүйелер орталығында сақталған ақпараттардың көмегі зор. Себебі осыған дейін университеттің аталған орталығы ғарыштан жерді зонттау жүйесі арқылы еліміздің орталық және солтүстік аймақтарында түрлі ғылыми-зерттеу, реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ деңгейі, өсімдіктер мен зиянкестер барысында мол ақпарат жинақтаған. Аталған ақпараттар ғалымдар мен шаруашылықтардың арасындағы байланыс кезінде таптырмас құрал болып отыр.