• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Теміртаудағы өрттің шығу себебі түсіндірілді

267 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ДК хабарламасына сəйкес, 21 сəуірде сағат 18:25 шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-БАС-та түтінтартқы бөлімінің шатыры өртенгенін хабарлады. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің сайтында жарияланды.

Өрттің шығу себебі, ЖЭО-БАС стансасының шатырындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары кезінде орын алуы мүмкін. Өрт сағат 18:45-те ауыздықталды. «Техника, адам зардап шекпегені анықталды. Өрт сөндіруді жеңілдету үшін 7 қазандық тоқтатылды.

Қазіргі мезетте станса қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Бұдан басқа «Қазгидромет» РМК мəліметінше, өртенген жерге жақын маңда орналасқан 2 нөмірлі күзету бекетінің (Фурманов көшесі, 5) деректері бойынша өрт шыққан сəттен бастап сағат 18:45-те H2S-3,0 мкг/м3, РМ-2,5 - 195мкг/м3 жəне SO2- 233 мкг/м3, PM-196 мкг/м3-ке концентрациясы жоғарылағаны байқалды.Өрт шыққан жерге Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау мамандары жеткізіліп, санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сынамасы алынды.Оның нəтижесі туралы қосымша хабарлайтын боламыз» делінген ведомство таратқан ақпаратта.