• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 27 Сәуір, 2020

Президенттік билік – барлық жетістіктің негізі

399 рет
көрсетілді

Қазақстандағы президенттік институттың құрылуына 30 жыл толуы­на орай «Президенттік басқару формасы: конституциялық негізі және сая­си практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Президенттік институттың қалып­­тасуы мен жұмыс істеуін талқылау, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың тарихи рө­лін тал­дауды мақсат еткен конфе­рен­ция Тұң­ғыш Президент – Елба­сы қоры, Конс­ти­ту­циялық Кеңес, Сорбон­на-Қазақстан инс­титу­ты, Абай атын­дағы ҚазҰПУ, Білім және ғылым ми­нистрлігі Мем­лекет тарихы инсти­тутының ұйымдас­тыруымен өтті.

Ғылыми-практикалық кон­фе­ренцияға Тұңғыш Президент – Ел­басы Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасым­беков, Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми, Әділет министрі Марат Бекетаев, Фран­­ция Рес­публикасының Қазақ­­стандағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Филипп Мар­тинэ, ЕҚЫҰ Бағдарламалық кең­се­сінің басшысы Дьердь Сабо, Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының прездиенті Джанни Букиккио, Ресей Федерациясы Үкіметінің жа­нын­дағы Заңгерлік және салыс­тырмалы құқықтану инсти­ту­ты­ның директоры, РФ РҒА прези­денті, РФ РҒА Еуропа кеңесінің Вене­ция комиссиясының мүшесі Та­лия Хабриева қатысты. Сонымен қа­тар онлайн конференция тың­дау­шы­ла­рының қатарында Қазақстан және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, құқық­танушылар, ЖОО мен колледж басшылары, магистранттар, докторанттар, мектеп мұғалімдері, БАҚ өкілдері де болды. 

Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өзінің құт­тық­тау сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев­­тың Қазақстанның дамуын­дағы басты рөлін атап өтті. «Қазақ­­станның Тұңғыш Прези­денті ре­фор­м­а­­ларының негізгі өзегі Қазақ­стан Республикасының үде­мелі да­муын­дағы жан-жақты ойласты­рылған стра­тегияға әрі көреген саясатқа негіз­делген. Оны сәтті жү­зеге асыру ха­лық­аралық қо­ғам­дас­тықта өзінің лайықты ор­ны бар саяси және экономикалық тұр­ғы­дан тәуелсіз, дербес, егеменді мемлекет құруға мүмкіндік берді», деді ол.

Конференцияға қатысушылар Қа­зақстанның президенттік басқару формасының қалыптасуы және даму жылдарында мемле­кет­тегі демо­кратияның табысты құ­ры­луын, елде жаңа саяси жүйе­нің қабыл­дануын, мемлекеттік инсти­тут­тар­дың өзара іс-қимылын, тұрақ­тылы­ғы мен тиім­ділігін күшейтуді қамта­масыз етудегі ерен еңбегін сөз етті.

Конституциялық Кеңестің Төр­ағасы Қайрат Мәми: «Қазіргі қолда­ныстағы Конституцияға сәйкес, тежемелер мен теңестірмелер жүйесiн пайдалана отырып, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тар­мақтарына бөлу қағидасы бар биліктің біртұтастығына негізделген түбегейлі жаңа президенттік басқару формасы құрылды. Мемлекеттік басқару тетігі қуатты әрі тұрақты бола түсті», деді өз сөзінде.

Еуропа Кеңесінің Венеция комис­сиясының төрағасы Джанни Букиккио тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда билік институттарының нақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңыз­ды­лығын атап өтті. «Қазақстан жүйесі пре­зиденттік, атқарушы және заң шыға­рушы билік деген тармақтарға негіз­делді. Демократияны көксеген кез келген ел үшін билік бөлінісін жүргізу оңай емес. Ал Қазақстан бұл еңбектің сәтті мысалы бола алады. Венеция комиссиясы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын», деп түйіндеді Дж. Букиккио.

Америкалық саясаттанушы әрі журналист, қауіпсіздік пен энергетика саласындағы халықаралық қатынастар маманы Ариэл Коэн «Қазақстандағы президенттік билік – елдегі барлық жетістіктің негізі» деген тұжырым жасады. «Қазақстанда президенттік биліктің орнауы – елдің қарыштап даму жо­лындағы маңызды қадам. Бұған мемле­кеттің саяси, экономикалық, мемле­кеттік жаңғырудағы жетістіктері дәлел. Президенттік билікті жүзеге асыру, Елбасының мемлекеттің саяси бағытын пайымдау – барлық жетістіктің, оның ішінде адами капиталды дамыту мен елге инвестиция тартудың түп негізі», деді ол.

Баяндамашылар Тұңғыш Прези­дент­тің экономиканың дамуы үшін құқықтық база мен жағдай жасауға, шетелдермен достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған қызметінің маңыздылығын, ұлтаралық келісім мен бейбітшілік ор­наған мемлекетті қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Конференция спикерлері прези­денттік институтты жүзеге асыру – республикадағы қазіргі жә­не бола­шақтағы әлеуметтік-эконо­ми­калық өзге­рістер үшін берік іргетас болды деген ортақ пікірге келді.

 * * *

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті мен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің ұйымдастыруымен «Еуразия­лық интеграция – Нұрсұлтан Назарбаев­тың тарихи бастамасы» тақырыбында телекөпір өтті.

Онлайн режімдегі телекөпірге Қазақ­стан мен Ресейдің ғалымдары, зерттеу­шілері және сарапшылар қауымы қатысты. Жиынды ЕҰУ ректоры, академик Ерлан Сыдықов ашып, келер ұрпақ Н.Назарбаевтың рөлін терең ұғынып, зерделейтініне тоқталды.

«Еуразиялық интеграция идеясы ал­ғаш рет осыдан 26 жыл бұрын көте­ріл­гені белгілі. Сол уақыттан бері ол өзек­тілігін жойған емес. Тіпті оның түпкі мә­ніне деген қызығушылық артып келе жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның барлық же­тіс­тіктері мемлекетіміздің Тұңғыш Пре­зи­ден­тімен тікелей байланысты екен­дігі сөзсіз», деді университет ректоры.

Е.Сыдықовтың айтуынша, барлық жаһан­дық және өңірлік дағдарысқа қарамастан Елба­сы бүгінде өзінің тарихи миссиясын сәтті орындап, Қазақстанның бірлігін, тұрақ­ты­лығын және дамуын қамтамасыз етіп отыр.

«Келер ұрпаққа Нұрсұлтан Назар­баев­тың Елбасы ретіндегі рөлін зерделеп, ұғына түсуге тура келеді. Елбасы­ның реформаторлық қызметін тарихи тұрғыда бағалау қажет», деді Е.Сыдықов.

Сонымен қатар бүгінде барша әлем жаһандық ауқымдағы проблемалармен бетпе-бет келіп отырғанына назар аударды. «Ынтымақтастықтың бірлескен қадамы ғана жаһандық апаттарға қарсы тұрудың, жоғары дамыған зияткерлік қо­ғамға жетудің жолы екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр», деді ол.

Бұдан кейін сөз алған М.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы Александр Сидорович Еура­зия­лық ынтымақтастық Елбасының өмірлік идеясы екенін жеткізді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы үшін Еура­зиялық интеграция идеясы – өмірлік ішкі идеясы. Елбасының Еуразия универ­ситеттері қауымдастығының съезінде сөйлеген сөзіне куә болдық. Дәл сол оқиға барысында Нұрсұлтан Әбішұлы 10 минут бойы залда тік тұрып, еуразиялық бірлікке қатысты ең қазыналы ойларымен бөліскен еді. Залда достастықтың барлық елінен келген 100 ректор отырды», деп еске алды А.Сидорович.

Аталған жиынның маңызына тоқ­талған А.Сидорович сол кездесу бел­­­гі­ленген уақыттан да ұзаққа созыл­ға­нын, қатысушылар Елбасының идея­сын ыс­тық ықыласпен қабылдағанын жеткізді.

«Сұрақтар талқыланған сәтте бұл кездесу 30 минуттың ішінде аяқталады деп болжанған еді. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да жарты сағат сөйлеп, бұл ынтымақтастықтың дамитынына нық сенімді екенін жан-жақты түсіндіріп берді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті еуразиялық ынтымақтастық идеясына жан-тәнімен берілген. Бұл идеяның артында ауқымы үлкен процестер, ауқым­ды ойлар мен жаңа дүниетаным жатыр», деді ол.

Сондай-ақ телекөпір барысында ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анато­лий Башмаков, Ресей саясаткерлері ұйымы­ның атқарушы директоры Игорь Кузне­цов, Қазақстан стратегиялық зерт­­теулер ор­та­лығы­ның бас ғылы­ми маманы Вячеслав Додонов, Еура­зиялық интеграция институ­ты­ның коммуникативті іс-шаралар орталы­ғы­ның басшысы Арман Ешмұратов, осы институттың ғылыми зерттеулер мен сараптау орталығының басшысы Қазыбек Майгелдинов және басқа да сарапшылар сөз сөйледі.

Еуразия ұлттық университеті мен М.Ло­мо­носов атындағы Мәскеу мемле­кеттік универ­ситетінің Қазақстандағы фи­лиалы бірлесіп ұйымдастырған теле­көпір барысында Еураз­иялық инте­гра­цияның тұжырымдамалық мәсе­лелері, одақ мемлекеттерінің білімі мен эко­номикалық өсімі арасындағы өзара байланыс, ғылым мен заманауи ин­но­вациялық технологияларды дамыту, еуразиялық экономика және мәдени ынтымақтастық векторлары талқыланды.

 

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»