• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын құттықтады

389 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Қымбатты елордалықтар! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әр жетістігіміз – көпэтносты еліміздің татулығы мен тұтастығына негізделген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанған саясаттың айқын нәтижесі.

«Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды»,-деп ҚР Тұңғыш Президенті атап өткендей, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өзара сыйласып, осы жылдар ішінде көптеген қиындыққа төтеп беріп келеміз. Әсіресе, дәл қазіргідей әлемдік пандемиямен күрес кезі – еліміздің ішкі бірлігі сыналатын уақыт. Алайда, халқымыздың тұтастығы сыр бермей, қиын кезде бір-біріне көмек қолын созып, өркениетті қоғам болып қалыптасқанымызды көрсетіп жатырмыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін»,- деп атап өтті.

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік-экономикалық, медициналық жағынан қорғау шаралары тиянақты жүргізілуде. Халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ. Елімізде тұрақтылық сақталып, бірлік пен ынтымақтастық арта берсін! Әрқайсыңызға зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!», - деді Алтай Көлгінов.