• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Мамыр, 2020

Дағдарысқа қарсы шаралар шоғыры белгіленді

154 рет
көрсетілді

Үшінші айға созылып бара жатқан пандемия індеті республикалық және облыстық бюджеттердің кіріс бөлігінің әжептәуір келіп кетуіне әкеліп соқтырғаны ешкімге де құпия емес. Атап айтқанда Ақтөбе облысында бюджеттің жетіспестігі мен орындалмау деңгейі он бес пайыздық көлемде болады деп күтілуде. Әрине мұның бірнеше себептері бар. Тұтастай алғанда аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінде айта қаларлықтай кідіріс болмағанымен осы аралықта шағын және орташа бизнестің өрісі мүлдем тарылып кеткені белгілі болып отыр. Бюджет тапшылығының басты бір себебін осы арадан іздегеніміз орынды секілді.

-Әрине бұл жағдай жақсы құбылыс емес. Әйтсе де мұндай көрініс бұған дейін алынған бюджеттің міндеттемелерге көлеңкесін түсіре алмайды. Қазіргі күні қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар шоғыры уақытша қалыптасқан жағдайды оң жаққа қарай бұруға септігін тигізуге тиіс, - деп мәлімдеді бұл жөнінде egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Руслан Хамбаров.

Осы орайда өңірде дағдарысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасының басты бір қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға арқа сүйетінін айтқанымыз жөн. Бұл ретте облыстық бюджеттен 46 миллиард теңге бөлінген. Аталған қомақты қаражат жыл аяғына дейін 12 мыңан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.