• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Мамыр, 2020

Шектеулер әр өңірде жеке қаралады

143 рет
көрсетілді

Кеше Үкіметтің баспасөз орталығында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен ел аумағында төтенше жағдай режімінің аяқталуы туралы брифинг өтті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мә­лім­дегендей, 11 мамырдан бас­тап елімізде төтенше жағдай ре­жімі аяқталды. Алайда Е.Тоғ­жанов­тың айтуынша, қауіп әлі бар және қатерлерді ескермеуге бол­майды. Сондықтан каран­тин шара­лары жалғасады. Шек­теу ша­ра­­лары әрбір өңірдегі эпи­де­­мия­лық ахуалға байланыс­ты кезең-кезеңмен алынып тас­талады.

«Карантин шараларын жеңіл­детуді біз 20 сәуірден бастадық. Осы кезең аралығында 1,1 млн адам жұмысын қайта бас­тады. Бүгіннен бастап аумағы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер, сұлулық салон­дары, балаларды дамыту орта­лықтары жұмысқа кіріседі. Саябақтар мен гүлзарларда адам­дардың серуендеуіне рұқсат етіледі. Саябақтардың жанындағы ойын-сауық қызметтерінің жұмы­сы әлі шектеледі», деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар спорттық жат­тығулар өткізуге, мәдениет қыз­мет­керлеріне репетициялар жүргізуге рұқсат етіледі. Жұ­мыс істейтін ата-аналар үшін балабақ­ша­ларда санитарлық нормаларды сақтаумен кезекші топтар ұйым­дастырылады.

Е.Тоғжанов  11 мамырдан бас­тап Президенттің шешімі бойынша әуе қатынасы еліміздің тағы 7 қаласында ‒ Ақтөбе, Қара­ғанды, Көкшетау, Қостанай, Пав­лодар, Тараз, Талдықорған шаһар­ларында ашылғанын айтты. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан Өскемен, Семей, Павлодар, Қызыл­орда және Петропавл қала­лары арасында әуе рейстері 1 ма­мырдан бастап қалпына келтірілген еді.

Сондай-ақ ішкі әуе қатынас­тары үшін ПТР-тест тапсыру мәселесі қоғамдық талқыға түскен еді. 11 мамырдан бастап мұндай талап болмайды. Дегенмен, ұшу кезіндегі санитарлық бақылау бұрын­ғысынша сақталады: олар – жолаушылардың дене темпера­турасын өлшеу, отырғызу және ұшақтан шығу кезіндегі әлеуметтік қашықтық және маска тағу.

«Бақылау бекеттерінің жұмы­сына қатысты сұрақтар да көп­теп түсіп жатыр. ТЖ режімі тоқта­тыл­ға­ны­на қарамастан, олар әлі де әре­кет етіп тұрады. Алайда қа­ла ма­ңында тұратын, бірақ қала­­да жұ­мыс істейтін және кері­сін­ше қала­да тұрып, қала шетінде жұ­мыс істейтін азаматтар өңірлер әкім­­дік­терінің бекітілген тізімі бо­­йын­ша блок-бекеттерден өте ала­ды», деп атап өтті вице-премьер.

Білім саласына тоқталар болсақ, 3,3 млн оқушыны және ЖОО-лар мен колледждердің 1 млн студентін қашықтан оқыту оқу жылының соңына дейін жал­ғасады. Аттестаттарды табыс­тау мен соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық алаңда, санитарлық нормалар қатаң сақталып өткізіледі. Айта кетейік, ҰБТ-ны 20 маусымнан бастап 168 пункт базасында қатаң санитарлық ережелерге сай штаттық режімде өткізу жоспарланған.

Е.Тоғжановтың айтуынша, кә­сіпкерлер мен тұрғын­дар­дан сау­­да ойын-сауық орталық­тары­ның, мейрамханалар мен қонақ­үй­лер­дің жұмысын қайта бастауға қа­тыс­ты көптеген сұрақ келіп түсуде.

«Бұл кезеңде олардың жұмыс­қа кіріспейтінін ерекше атап айт­қым келеді. Бұл мәселе өңірлер­­дегі са­­ни­тарлық-эпидемия­лық ах­­уал­­­ды ескерумен сәл кейін қа­рас­­­­ты­рылатын болады», деді Пре­мьер-Министрдің орынбасары.

Вице-премьер ендігі кезекте экономикалық белсенділікті кезең-кезеңімен ретке келтіріп, азаматтар үшін қалыпты тіршілік жағдайларын жасау міндеті тұрғанын атап өтті.

«Карантиндік шектеулер әрбір адам үшін құндылықтарды қайта бағалап, өзі мен өз ортасына жауапкершілігін арттырды. Күнделікті өмірімізде гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау қалыпты жағдайға айналып отыр. Коронавирус инфек­циясының тарау қаупі тұрақталып келе жатқанына қарамастан, әлі де карантиндік шаралардың сақ­талуы аса маңызды», деді ол.

Карантин режімі аяқтал­ғаны­мен оның шарттары әлі де сақ­та­лады. Шектеу шаралары әр өңір­дің жағдайына байланысты жеке қаралып, оны жеңілдету тура­лы шешім кезең-кезеңімен шыға­рылып отырады.