Қостанай қаласындағы Строительный көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 24 жастағы бойжеткен аман қалды.
Қазір қалалық ауруханада жатыр. Қыздың тірі қалуына үй іргесінде тұтаса өскен жас ағаштар сеп болса керек. Куәгерлер оқиғаны бейнекамераға түсіріп алып, полицияға жіберген. Оқиғаның себебін полиция анықтап жатыр.
Қостанай облысы