«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аргентиналық Dioxitek S.A. компаниясымен табиғи уран жеткізу туралы коммерциялық келісім жасалғаны туралы хабарлады.
Компанияның ақпаратына сəйкес, биыл ақпан айында «Қазатомөнеркәсіп» Аргентинаның атом энергетикасының қажеттілігі үшін табиғи уран концентратын жеткізуге Dioxitek өткізген ашық тендердің жеңімпазы болып жарияланды.
Осы арқылы келісімшарттар қоржыны географиялық тұрғыдан әртараптандырылып, компанияның Оңтүстік Америка нарығына қатысуы нығайтылды.
Жаңа келісімге қол қою Қазақстан мен Аргентина арасындағы атом саласындағы ынтымақтастықты жаңғыртудың айғағы, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіптің» әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді және қолайлы жеткізуші ретіндегі тұрақты беделін көрсетеді.