• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Мамыр, 2020

Күләй Шарбақбаева мұрасы жастарға үлгі болды

450 рет
көрсетілді

Ауданда 2010 жылдан бастап оқушылар спартакиадасы, «Еске алу» жобасы өткізіліп келеді. Мақсат – балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мен елге еңбегі сіңген адамдардың есімін ұлықтау, құрмет көрсету. Жыл бойы өткізілетін спорттық шаралар осы жобаға енген адамның құрметіне арналады.

Бұл игі іс бүгінде аудан ор­талығы Аққулы ауылындағы Балалар және жасөспірімдер спорт клубының директоры Тоқтамыс Кенжеғалиевтің бас­тамасымен жалғасуда. Өткен жыл Социалистік Еңбек Ері Жұмабек Жанғожинге арналыпты.

Кейінгі ұрпақ есімін білсін деген Жұмабек Жанғожинмен  бірге Социалистік Еңбек Ері атанған Жанпейіс Сыздықов, Балғабай Оспанов, Жұмахан Асылхановтар болса, ал Жо­ламан Қалымов, Керімхан Ибра­гимовтар аудан­дағы Бес­қарағай асыл тұқым­ды қой зауытында еңбек етіп, сол­түстік қазақ ме­ринос қойының тұқымын шы­ғаруға үлес қос­қан екен.

Ал биылғы спорттық шаралар Социалистік Еңбек Ер­лері Күләй Шарбақбаева мен оның баласы Ғабдынасыр Ерғалиұлының құрметіне арналады.

– Мен Күләй Шарбақ­бае­ваның немересімін. Апа­мыздың еңбек жолы жалғасуда. Ұрпақтары да ауылда қалып, мал шаруашылығымен айналысуда. Аудандық спорттық спартакиаданың биыл біздің әулетімізге арналатынын ес­тіп ерекше қуандық, – дейді Нұрсұлу Шарбақбаева.

Біз де бір жылы апамыз жайлы жазу үшін аудан­ға ба­рып қайтқан едік. Кү­ләй апа­мыз 1958 жылы Со­циа­листік Еңбек Ері атағын алған. Он жыл бойы қой бақ­қан адам. Жыл сайын қо­зылар санын көбейткен қой өсі­рудегі бұл әдісті бүкіл ел «Шар­бақ­­баев­тар конвейері» деп ата­ған.

Кейін анасының ақ таяғын иеленген ұлы Ғабдынасыр да 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады.

Ал Шабар ауылына Дін­­­мұ­хамед Қонаев кел­ге­нін жұрт осы күнге дейін ай­тады.

– Дінмұхамед Қонаев 1958 жылы облысқа сапармен келіп, арнайы біздің ауылға ат­басын бұрып, шешеміздің үйіне соқты. Үлкен адамның кіш­кентай ауылға келуі мереке болды. Ол кісі анамыздың жоғары марапатына құтты болсын айта келіпті. Сонда Қонаев ағамыз ескі үйімізді көріп «батыр батырға лайық үйде тұруы керек» деген еді, – деп еске алған еді сол кезде көзі тірі Ғабдынасыр ата.

Аққулы ауылындағы та­ри­хи-өлкетану музейінде есім­де­рі ел есінде қалған адам­дар­дың құжаттары, қолданған зат­­тары, фо­тосу­реттері қойыл­ған.

– Бұл жобада қай жылы қандай адамға құрмет көр­сетілетіні де белгіленген. Аудан­­­дағы ел аузында аты қал­ған адамдардың есім­дерін жаң­ғырту, соғыс және бей­біт күн батырларының ер­лігін кейінгі ұрпаққа жет­кізу – бізге міндет. Осы жо­­ба бойынша 2014 жылы Әбіл­­қайыр Баймолдин зиратына тәу етіп, Ресейдің Невель қа­ласына дейін бар­дық. Қала тұрғындары жер­ле­сімізді ерекше құрмет­тей­ді екен, – дейді Тоқтамыс Жә­нібекұлы.

 

Павлодар облысы,

Аққулы ауданы