• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Мамыр, 2020

Қазақстандық мұғалімнің ұлттық моделі де қажет

2626 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық сенім кеңесінде білім мен ғылым саласындағы өте өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды. Шын мәнінде мұғалімнің мәртебесі тек заңмен, нормативтік құқықтық актілермен, оқу процесінде қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерімен ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің алған білімі мен дағдыларының мөлшерімен де анықталады.

Мұғалімнің бойындағы білім, білік, дағдылардың көлемі тіпті жоғары білімі бар азаматтардың орташа статистикалық көрсеткіштерінен де жоғары болу керек. Бізге ұлттық мектептің үлгісі ғана емес, сонымен бірге қазақстандық мұғалімнің ұлттық моделі де қажет.

Сондықтан қазір Қазақстанда мұға­лім­нің өзіндік атрибуттарын (сонымен қатар мектептің ұлттық моделін) нақты анықтау қажет: ол жоғары оқу орнын аяқтағанда қандай дағдыларды игеруі тиіс; жұмысты қалай істегені жөн? Осы әлеуметтік портреттің негізінде педа­го­гикалық мамандықтардағы білім беру бағдарламаларының мақ­сат­тарын, күті­летін нәтижелерін; маз­мұнын, әдістері мен тәсілдерін жаңаша қалыптастыру қажет. Автономия жағдайында әр педа­гогикалық университет өзіндік бірегей білім беру бағдарламаларын жасай алады. Бірақ менің ойымша, кей­бір атрибуттар барлығына «өзек/core» болуы керек. Бұл барлық мұғалім­дер үшін маңызды бағыт-бағдар бо­лады. Әрине университетке түсетін немесе оқитын студенттер осы қасиет­терге ие болып шығады. Қазіргі мұға­лімдер үшін біліктілікті арттыру бағ­дар­ламалары оларды қажетті әлеуметтік атрибуттарға «жет­кі­зетін» модульдерді қамтуы керек. Жо­ғары білім мектебі қазірдің өзінде Қазақстанның білім беру жүйесінің қатысушыларына осындай курстарды сәтті өткізуде.

Педагогикалық мамандықтар бойын­ша білім беру бағдарламаларын жаңарту қажет. Қазіргі педагогикалық білім беру бағдарламасының түлегі «конвергентті мұғалім» болуы шарт. Ол өзі оқытатын ғылымды жетік мең­геріп қана қоймай, сонымен қа­тар әртүрлі педагогикалық жанр­лар­­да еркін жұмыс істей білуі керек: лекциялар, тренингтер, мас­тер-клас­­тар, тікелей, онлайн және қа­шық­­тан оқы­ту­ды меңгеруі тиіс. Жа­ңа фор­­мат­та­ғы мұғалімдердің «валент­тілігі» де жоғары болуы шарт, яғни мек­теп оқу­шы­­ларына да, басқа мақсат­ты ау­дито­рия­ларға да (мәселен, біліктілікті арттыру курстарының тың­даушы­ларына) сабақ бере алуы шарт. «Кон­вер­гентті мұғалім» сабақ маз­­мұ­нын да әртүрлі формада, мәсе­лен, оқу­лық­тардың қосбеттері, аудио жә­не видео сабақтар, лонгридтер, пре­­зен­­тация, ани­мация, инфографика және т.б. түрлерінде жасай алғаны абзал.

Конвергенцияға әртүрлі рөлдерде жұмыс істеу қабілеті кіреді: мұғалім, лек­тор, тәлімгер, көшбасшы, үйренуші сту­дент, тыңдаушы, менеджер, зерт­теу­ші.

Әрине мұғалімге деген қоғам тарапынан қойылып жатқан осындай жаңа талаптар білім беру бағдарла­ма­ларының жаңа архитектурасы мен мазмұнын, жаңа форматтағы кәсі­би мұғалімнің қалыптасуындағы жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді анық­тайды. Бұл барлық қолданыстағы бағ­дар­ламаларды 100% қайта қарауды талап етеді: тиімсіз немесе тиім­ділігі төмен пәндерден бас тарту, бұрын­ғыларын жаңарту және жаңаларын қосу. Мәселен, жоғары білім беру мек­тебінің тікелей қатысуымен мұндай жұ­мыс қазірдің өзінде Ө.Сұлтанғазин атын­дағы Қостанай мемлекеттік педа­­го­ги­ка­лық университетінде жүргі­зілуде.

Ойымды түйіндесем, еліміз үшін мұ­­ғалімнің ұлттық моделі мен кон­вер­гентті педагог үлгісін әзірлеуіміз керек.

 

Руслан ҚАРАТАБАНОВ,

Назарбаев Университет Жоғары білім мектебінің біліктілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі аға менеджері