• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

«Бақытты балалық» онлайн концерті өтті

673 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық» атты онлайн концерт өткізіп, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Онлайн концертке Қазақ оркестрі, Үрлемелі оркестр, Симфониялық оркестр, «Әлем» эстрадалық би ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Әбілда, Айдын Жұмабай, Әкімхан Мәженов, Алуа Қалымбекова, Әйгерім Нартүйеева, Көркем Шолошова, Айжан Қабылданова, Майра өнер мектебінің оқушысы Абай Әскеров қатысып, «Айналайын», «Ничего на свете больше нету», «Лебеди», «Балдырған», «Көрұғлы» сынды т.б туындыларды тарту етті.

Сондай-ақ, кеш басында елордалық филармонияның бас директоры Ерлан Ерғазыұлы Дакенов және аталмыш ұжым атынан балалар қамқоршысы Халида Қуанышқызы Былкилова инклюзивті білім беретін 65 мектеп-гимназиясының ДЦП диагнозы бар ерекше балаларын мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.  

– Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі ел абыройын асқақтатын тұлға екені баршамызға мәлім. Аталмыш концерттің негізгі мақсаты да сол – балаларға өнер арқылы өнеге көрсетіп, оларға қамқорлық таныту.  Ендеше біз барша балдырғандарға жарқын болашақ, бақытты балалық шақ тілейміз! Балалық шақтың бал дәмін татып, сұлу саз, әсем ән, күмбірлеген күй тыңдап мейіріммен өскен бала ертең елге қамқор азамат болатыны ақиқат. Әлемнің сыңғыры болған сәби күлкісі ата-ананың жанын жадыратып, көңіліне қуаныш ұялататыны тағы бар. Баланың болашағы оның айналасындағы адамдарға байланысты. Сондықтан, оларға қамқорлық таныту, оларға қорған болу адамзаттың асыл міндеті, - дейді елордалық филармонияның бас директоры Ерлан Ерғазыұлы.