• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2020

Алматы облысында жол ережесін бұзған мыңнан астам адам анықталды

362 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өз жұмысын бастады. Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарының ауырлығын алдын алуға және төмендетуге, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Өткен тәуліктің өзінде облыс жолдарында 1318 ЖҚЕ-ні бұзушы тіркелді, ал екі күн ішінде патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған 2246 адамды анықтаған.

– Құқық бұзушылықтың көшбастар үштігінде: жаяу жүргіншілер ережесін бұзу – 360 дерек, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 103 хаттама, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы – 63 оқиға. Патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарады, – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Полиция нарядтары мас күйінде автокөлікті басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, ұялы телефон арқылы сөйлесу және жол-көлік оқиғаларын жасауға алғышарттар жасайтын басқа да ЖҚЕ-ге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейтіп жатыр.

– Елді мекендердің қиылыстарындағы, автомобиль жолдарындағы және көшелердегі наряд тығыздығы артты. Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен жұмыс әдістері нақты анықталған. Олар автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды қамтиды. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлық әдістері осы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу аясында қолданылып жатыр, – деп толықтырды Әшімов.