Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 108 адамның коронавирустан жазылып шыққанын мәлім етті, - деп хабарлады Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 22, Шымкент қаласында – 12, Атырау облысында – 16, Қарағанды облысында – 8, Маңғыстау облысында – 14, Қызылорда облысында – 2, Қостанай облысында – 6 адам коронавирустан айықты. Осылайша елімізде барлығы 7 484 адам COVID-19-дан емделіп шықты.