8 маусымдағы жағдай бойынша әлемдік нарықтарда мұнайдың бір баррелі 40,8 АҚШ доллары деңгейінде жабылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Биыл мамырда сыртқы нарықтарда көптеген елде коронавирустың өсімінің төмендеуіне және біртіндеп карантиннен шығуға байланысты жағымды көңіл-күй басым болды. Карантин шараларын бәсеңдету экономикалық белсенділіктің және энергия ресурстарына сұраныстың қайта жаңғыруына ықпал етті. ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту туралы уағдаластығын іске асыру есебінен мұнай нарығындағы теңгерімділікді біртіндеп реттеу аясында мамырда мұнайға баға белгілеу бір баррель үшін 25,3 АҚШ долларынан 35,3 АҚШ долларына дейін, яғни 40%-ға өсті. 8 маусымдағы жағдай бойынша әлемдік нарықтарда мұнайдың бір баррелі 40,8 АҚШ доллары деңгейінде жабылды", - деді Ерболат Досаев.