Кезінде орталық аудандарды Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, қазыналы өлкелерімен байланыстырған Түркістан – Сібір темір жолы Кеңес Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатында еді. Сібір магистралінің 90 жылдығына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Түрксіб: өткені мен бүгіні» тақырыбында фотобайқау жариялап отыр.
Аталған байқаудың басты мақсаты – фототуындылар арқылы Қазақстан темір жолының даңқты тарихы мен дамуын көрсету. Сонымен қатар темір жолдағы дәстүрлер мен сабақтастықты нығайтуға, жас теміржолшыларды тарихи естеліктерді сақтауға ынталандыруға, өз мамандығының өткені мен бүгініне махаббат пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға үндейді.
«Бүгінде аты аңызға айналған Түрксібті қысқа мерзім ішінде адамдардың қолмен салып шығуы керемет сияқты болып көрінеді. Бұл жоталар мен тау өзендері, шөлді құмдар мен сусыз дала арқылы 1,4 мың шақырым рельстік жолтабан. Жолды Ұлы Жібек жолының жалғасы деп санауға болады: оның бойында жаңа деполар, көпірлер салынып, байланыс жүйесі жолға қойылды. Қазір өскелең ұрпақ Түрксібтің тарихын, оны салушылардың ерліктері туралы білуі тиіс. Бұл Гиннестер кітабына лайық рекорд. Түрксіб салушыларының даңқты дәстүрлерін қазіргі жастар жалғастыруы керек», дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мүшесі, Құрметті теміржолшы Қалтай Сәмбетов.
Байқауға келіп түскен жұмыстар www.railways.kz корпоративтік сайтындағы Түрксібтің 90 жылдығына арналған айдарда жарияланады. Қатысу талабы жалғыз, үміткерлер ретрофотоларда көрініс тапқан заманауи фотоларын ұсынуы керек.
Ұйымдастырушылар бір мезгілде өткен жылдарды еске түсіретін бүгінгі суретті көркемдік-идеялық тұрғыдан бағалап, үздігін қазылар алқасының қарауына жібереді. Жүлделі орын иегерлерінің есімі 2020 жылдың 17 шілдесіне дейін анықталады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, олардың жұмыстары Түрксібтің 90 жылдығына арналған сурет көрмесіне қойылады. Сонымен қатар ұлттық компанияның сайтында және «Қазақстан теміржолшысы» салалық газетінде жарияланады. Жұмыстар осы жылдың 15 маусымы мен 6 шілдесі аралығында қабылданады.