• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 16 Маусым, 2020

АҚШ асқан «Томирис»

551 рет
көрсетілді

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» фильмі осыған дейін түркі дүниесінде зор қызығушылық тудырған еді. Енді Arclight Films компаниясы көркем туындының АҚШ аумағында тарату құқығын Well Go USA компаниясына сатты. Бұл туралы Variety, Hollywood Reporter және Screen Daily сынды ауқымды баспалар жарыса жариялауда.

Кинотуындыда  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы ұлы даладағы алып билеушілердің тағдырлы тартысы суреттеледі. Фильмде кішкентай қыздан ержүрек жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген аты аңызға айналған Томирис патшайымның тағдыры баяндалады. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

«Бұл эпикалық фильм таңғажайып пейзаждармен көркемделіп, жоғары сапада түсі­рілгендіктен көрермендерді бірден баурап алатыны сөзсіз», деп жазды Variety басылымы.

«Таңғажайып оқиғаларды біз ерекше ұнатамыз. Сондықтан да алғашқы тарихи «Амазон патшайымының» құпияға толы оқиғасы басқаларға қарағанда сенімдірек», деді Well Go USA Entertainment президенті және атқарушы директоры Дорис Пфар­дрешер Hollywood Reporter тілшісіне.

Ал кинотуындыны тамашалаған амери­калық сарапшылар фильмнің көркемдік келбетін айрықша бағалап, көрермен кө­зайымына айналатын туынды деп бағалап отыр. – Қазақстандық және америкалық кинопродюсер, Қазақстанның Лос-Анже­лестегі құрметті консулдығының басшысы Гия Нұртас бізді осы арнайы жобамен таныстырған кезде, фильмнің керемет әле­уетін бірден байқадық.  Well Go USA компаниясы Томирис патшайымы туралы осы бір тамаша туындыны бізге жеткізуге дайын екендігіне өте қуаныштымыз, – дейді олар.