• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2020

Атырауда Экология департаментінің басшысы тағайындалды

1224 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен  Әлібек Мұратұлы Бекмұхаметов Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп жазады Egemen.kz

Ол    Қарағанды облысының тумасы. Бірнеше жоғары білімі бар. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экология және табиғатты пайдалану", Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004-2005 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Астана қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында атмосфера ауасы мен радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекші маманның міндетін атқарушы болып  бастаған. 2006-2008 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аталған бөлімінде бас маман болған.

2010-2012 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі бастығы, 2012-2017 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  Экологиялық реттеу және бақылау  комитетінің  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті бастығының орынбасары-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымын атқарған.

2017-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау  комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары-Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, 2019-2020 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау  комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.