• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 18 Маусым, 2020

Елбасының атына Ресей Федерациясының Президентінен жеделхат келіп түсті

302 рет
көрсетілді

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Мен Сізге осы қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік энергияңыз, сергектігіңіз бен оптимизміңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен Сіздің толық айығып кетуіңізді тілеймін. Деніңіз сау болсын», - делінген Ресей Федерациясы Президентінің жеделхатында.