Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
"Өмірлік энергияңыз бен ерік-жігеріңіздің арқасында Сіз бұл дертті қысқа мерзімде еңсересіз деп сенемін.
Сізді барынша қолдауға және қажет болған жағдайда көмектесуге дайынмын.
Шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін. Алла Тағала Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр берсін", - делінген жеделхатта.