• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 21 Маусым, 2020

Сербия Президенті Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

240 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен жеделхат келіп түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Вучич Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Өзіңізге тән энергия, күш-қайрат, оптимизм коронавирустан басым түсеріне сене отырып, Сізге қолдауымды білдіргім келеді.

Жақын арада халықаралық қауымдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың арқасында пандемияны еңсереді және кедергісіз әлеуметтік-экономикалық даму жолына қайта оралады деген үміттемін.

Айығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін. Менің зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз", - делінген жеделхатта.