• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2020

Марал Ысқақбай: Ақыл-парасатқа жүгінейік...

316 рет
көрсетілді

Біз қазір қиын кезге тап болып отырмыз. Тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жау шапқандай күйдеміз. Алматыдағы ағайындарды былай қойғанда, сонау Шымкент, Тараз жақтан қаралы хабарлар көбейді. Осы бір індеттен бақилық болған барша отандастарымыздың жандары жәннатта шалқысын!

Бұл елге ғана емес, мемлекет басына да түскен сынақ секілді. Қиын жағдайларға қаншалықты дайын екенімізді көрсетіп берді. Әсіресе, медицина жағындағы кемшіліктеріміз сорайып-сорайып көрініп қалғандай. Не десек те, халқымызға төтеннен келген бұл қиындықты еңсеруіміз керек. Биліктің айтқан қатаң шараларын қатаң сақтауымыз керек. Байқауымша, оқшаулануды түсінбей жатқан қауым көп. Той-томалақ әлі де бар. Өз басым жақындарымның екі тойына тыйым салдым. Осы уақытта Алла бәрімізге сабыр берсін. Ақыл-парасатқа жүгінейік.

Марал ЫСҚАҚБАЙ, жазушы