• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2020

Мәжіліс депутаты оқу жылына дайындық барысымен танысты

273 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаева Қызылорда қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары және оқу жылына дайындық барысымен танысты.

Білім ордалары "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы аясында жөндеуден өткізілуде. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 4 мектеп, 2 балабақша жөнделуде. Одан бөлек, "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Н. Махамбетов ауылындағы №143 мектеп, халықаралық гранттар негізінде қала орталығындағы №1мектеп-гимназия, №4 ІТ мектеп-лицей және №176 орта мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ең алдымен депутат қала орталығындағы Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Ж. Маханбетов атындағы №43,  Н. Ахмадеева атындағы №112, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектептердегі жөндеу жұмыстарын да көрді.   

Н. Жұмаділдаева мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап, кезекші сыныптарды енгізу, мектепте карантиндік талаптарды сақтау бойынша ұсыныстар айтты. Мектеп директорларының оқулықтар және білім берудің онлайн форматына ауысу мәселесі туралы пікірлерін тыңдап, шешу жолдарын талқылады.