• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Медицина 16 Қыркүйек, 2020

Тұмауға қарсы вакцинаны коронавируспен ауырған адамның алуына бола ма?

372 рет
көрсетілді

Коронавируспен ауыратын адамдарға тұмауға қарсы вакцина алу үшін бір ай күтуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Коронавирус - бұл жаңа инфекция. Коронавирус жұқтырып, кейін емделіп жазылғандар екпені сауыққаннан соң 2 апта қалпына келгеннен кейін ғана дәрігердің рұқсатымен егіледі. Бірақ біз бір ай бойы резервпен жүреміз", деді Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Егер коронавирус инфекциясынан кейін бірден вакцина жасатса, онда асқыну қаупі бар екенін айтады Роза Қожапова. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцина басталды.