• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2020

Алаяқтардан сорлағандарға құлаққағыс

226 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің Тер­геу департаменті Қазақ­станның және басқа елдердің жекелеген азаматтарына қатыс­ты 2016-2017 жылдары ел аума­ғында «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» ат­ты қаржы пирамидасын құру фак­ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қаржы пирамидасының басшылары интернет желі­лерін­де веб-сайттар құрып, ойдан шығ­арылған түрлі инвестиция­лық портфель­дер сатқан. Алаяқ­тар порт­­фельдің мерзімі аяқ­талғанда 300%-ға дейін пайда та­ба­сыз деп жалған уәделер берген.

Ел аумағында алаяқтар­дан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шы­­ғын 1 млрд теңгеден асып­ түскен.

Тамыз айында қаржы пирамидасы басшы­ла­рының бірі, Ресей азаматы Ольга Клейнард Беларусь елінен экс­тради­цияланды және сот­қа дейінгі тергеу қайта бас­талды.

Осыған байланысты тергеу органы «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқ­тық қызметінен зардап шек­кендердің барлығын Ішкі істер министрлігіне (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1) немесе тұрғы­лық­ты жері бойынша полиция департамент­теріне хабар­ласуды сұрайды.

Ішкі істер министрлігі аза­маттарды сергек бо­луға және оңай, тез пайда табу тура­лы уә­де­лерге сенбеуге және осын­дай жағдайлардың бар­лы­­ғын дереу полиция ор­ган­­дарына хабарлауға ша­­қырады.