• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Хоккей 29 Қыркүйек, 2020

"Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын иеленді

347 рет
көрсетілді

Ұлттық хоккей лигасынның (ҰХЛ) Стэнли Кубогын "Тампа-Бэй Лайтнинг" клубы жеңіп алды. Алты кездесуден тұратын серияда олар "Даллас Старзды" 4:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Біз үшін қуанарлық жайт, жеңімпаз команданың сапында кезінде "Барыстың" намысын қорғаған екі бірдей ойыншы өнер көрсетті. Олар – 29 жастағы швециялық Виктор Хедман мен 31 жастағы америкалық Райан Макдона.

2013-14 жылдардағы маусымда ҰХЛ-да локаут жарияланғанда айтулы қос қорғаушы қазақстандық команданың жейдесін киді. Екеуі де өрелі өнерлерімен көзге түсіп, жергілікті жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Локаут мерзімі аяқталғаннан соң олар қайта Америкаға оралды. Міне, енді "Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын олжалап отыр.

Сонымен қатар, Виктор Хедманға осы жарыстың ең үздік ойыншысына тиесілі "Конн Смайт Трофи" сыйлығы табыс етілді. Скандинавиялық қорғаушы плей-офф сайыстарындағы 24 кездесуде 21 ұпай (10 гол+11 пас) жиды.