• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Қазан, 2020

"Жерұйық" саябағының бос жатқан аумағы абаттандырылады

433 рет
көрсетілді

Келесі жылы М.Төлебаев көшесі жағындағы учаскеде жаңа қоғамдық кеңістік құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында теннис корттарын, баскетбол алаңдарын, скейтпарк, пикникке арналған аймақтарды орналастыру жоспарланып отыр. Сауда павильондары мен гамактары бар ойын алаңы пайда болады.

Урбанистика орталығының мәліметінше, жүгіру және веложолдар қарастырылған. Көгалдандыру алаңы 13 939,8 м², аллея - 12 053, 1 м², жүгіру жолының ұзындығы - 1 951 м.

"Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі. Бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елордада 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы салынады", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.