• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қазан, 2020

"Барыс" "Салават Юлаевқа" сан соқтырды

162 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның "Барысы" Уфада жергілікті "Салават Юлаевқа" қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекенің алғашқы 20 минутында қос команда бір-бірін ала алмады. Үзілістен кейін айдын иелері біздің қақпамызға қатарынан екі шайбаны енгізді. Бұл голдардың авторлары – Шәкір Мұхамадуллин(24 минут) мен Александр Алексеев (33 минут).Есесіне үшінші кезеңде "қаһарына" мінген  қонақтар таразы басын теңестірді. 42 минутта Максим Мусоров есеп айырмашылығын қысқартса, 49 минутта Даррен Диц нысананы дәл көздеді. Осылайша, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақыт басталған бетте жерлестеріміз бір ойыншының көптігін ұтымды пайдаланып, 61 минутта Роман Старченко жеңіс голын соқты. Есеп – 2:3.

Өзінің келесі кездесуін "Барыс" Мәскеуде жергілікті "Спартак" клубына қарсы өткізеді.