• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қазан, 2020

«Керуен» келді Таразға

226 рет
көрсетілді

Ежелден талай тарихи оқи­ғаларға негіз болған Әулиеата өңірінде, екі мың жылдан ас­там жылнамасы бар көне Та­раз шаһарында туризм сала­сын дамытуға қолайлы орын­дар жетерлік. Алайда өңір­де аталған мәселе жиі көтеріл­гені­мен, туризмді дамыту әлі де ойдағыдай болмай тұр. Мұнда кезінде мың сан керуен жүріп өткен ұлы Жібек жолы, тарихи-мәдени ескерткіштер, көне дәуір­дің куәгері іспетті тасқа қашал­ған таңбалар, жалпы тари­хи құндылықтардың бәрі де бар. Осы орайда, Жамбыл же­рінде туризмді ілгерілету мақса­тында «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы ұйымдастырған «Керуен» экспедициясы Әулие­ата жерінде болды.

Негізі «Керуен» экспедициясы­ның сапары Алматы облысынан бастал­ған екен. Ал, бұдан кейін Әулиеата өңіріне келген өлкетанушылар әуелі Байзақ ауданының аумағындағы ор­тағасырлық «Ақыртас» тарихи кешеніне барды. «Қазақтуризм» ұлт­тық компаниясы туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниель Сержанұлы бастап келген «Керуен» экспедициясын тараздықтар «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде қарсы алды. Көне шаһарға келген экс­педиция өкілдері «Көне Тараз» кешеніндегі «Сағат» стелласы мен «Қолөнер және туризм» орталығын аралап көрді. «Сапарымыз Алматы облысынан басталған. Жаркент қала­сынан Жамбыл облысына қарай бет алып, әуелі «Ақыртас» кешенінде бол­дық. Одан «Көне Тараз» этно-мә­дени кешеніне келдік. Жаңадан бой көтерген бұл кешеннің құрылысы, ғимараттардың орналасуы, жалпы олардың маңыздылығы бізге қат­ты ұнады. Біз бұл сапарымызда қо­лайлы туристік нүктелерді белгілеп жүрміз. Сол туристік нысандарды да­мыту бойынша жергілікті әкім­дер­мен келіссөздер жүргізілетін болады. Жамбыл облысынан әзірге төрт туристік нүктені белгілеуді на­зар­ға алдық. Енді Меркі және Т.Рыс­құлов аудандарындағы тарихи жә­не туристік орындарға көңіл аударып отырмыз. Қазіргі карантиндік талаптарға байланысты экспедиция құрамы үлкен емес. Негізінен экспедиция құрамында үздік блогерлер, фотографтар, туристік операторлар бар. Біз бұл сапарымыздағы маңызды мәселелерді, көңілімізге түйген ерекше құндылықтарды әлеуметтік же­лілерге салып, көпшілікке жарнамалайтын боламыз», дейді Даниель Сержанұлы.

Тарихи Жібек жолының бойымен жүріп келе жатқан экспедиция мүшелері Әулиеата өңіріне келуші туристер үшін маңызды жобаларды назарға алып отыр. Бұл ретте «Тараз туристік ақпараттық орталығының» жетекшісі Бауыржан Мөрбеков мұндай саяхаттар аймақ ту­ризмі үшін тиімді әрі көне тарихымызды на­сихаттауға таптырмайтын мүмкіндік екенін айтты. Сонымен қатар Жамбыл жеріндегі тарихи жәдігерлерді жалпақ жұртқа танытуда да маңызы зор.

 

Жамбыл облысы