Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
2021 жылғы 1 мамырға дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру ұзартылды. 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылды. Қазақстан аумағына келген барлық адамдарда ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама болуы тиіс.