• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қараша, 2020

Іле-Алатау ұлттық паркінде қалдықты бөлек жинау тәртібі енгізілді

286 рет
көрсетілді

Бүгін Іле-Алатау ұлттық паркінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесі іске қосылды. Іле-Алатау ҚТҚ бөлек жинаудың инфрақұрылымы толыққанды ұйымдастырған Қазақстандағы алғашқы ұлттық парк болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық парк аумағында қалдықты бөлек тастау екі фракция бойынша жүзеге асырылады. «Құрғақ» - қайта өңделетін қайталама шикізат (пластик, қағаз, шыны, металл) және «дымқыл» -  оған тамақ және органикалық қалдықтар салынады. Парк аумағында барлығы 30-дан астам жаңа қалдық алаңдары орнатылып, оған 225 контейнер сатып алынды. Қалдықтарды сұрыптап тастау туралы ақпарат үш тілде жазылды. 135 контейнер қайталама шикізатты жинауға арналса,  қалған 90 «жасыл» тамақ қалдықтарын қабылдауға қойылған. ӨКМ Операторы парк аумағына қойылған контейнерлерді сатып алуға 33 млн теңге көлемінде қаражат бөлді.

Қазақстанда жиналған арнайы техника қалдықтарды шығаратын болады. Екі секциялы жаңа қоқыс тасығыштар таулы жерлерге арналған. Техниканың модельі ӨКМ Операторы тапсырысы бойынша жобаланған. Машинаның артқы жүктемесі бар және престеу жүйесімен жабдықталған. Қоқыс тасығыштың техникалық сипаттамалары қайталама шикізатты да, тамақ қалдықтарын да бір рейспен жинауға мүмкіндік береді. ӨКМ Операторы арнайы техниканың екі бірлігін сатып алуға 110 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

Саябақтың жалпы ауданы 199 202 га құрайды және 5 филиалдан тұрады. Олар – Түрген, Талғар, Медеу, Ақсай, сондай-ақ Алматы мемлекеттік қорығы. Жыл сайын Іле-Алатау МҰТП 6000 м3 астам ҚТҚ шығарылады. 2019 жылы Ұлттық паркке 300 901 адам келді. Паркте 43 туристік соқпақ жолды бағдар бар. Іле-Алатау паркінің басшылығы 2030 жылға дейін парк аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейін 85% - ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Қалдық алаңдары Алма – Арасаң, Мұзтау, Қимасар, Аққайын, Қаскелең, Ақсай, Есік, Түрген және т. б. шатқалдарда орнатылған.