• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қараша, 2020

Трамптың жақтастары әлі де наразы

142 рет
көрсетілді

Президент Трамптың мыңдаған жақтасы Вашингтонды басына көтерді. Наразылар сайлаудың әділ өтпегенін айтып, ашықтықты талап етуде. Үкіметке қарсы топтардың бірнешеуі бірлесіп, шиеленісті ушықтыра түсті.

«Өр ұлдар», «Уәдеге беріктер» мен «Канон» деп аталатын АҚШ үкіметіне қарсы топтар елдегі шиеленістерге қатысып, қол бастайтынын мәлімдеді.

Наразылар Ақүй жанында жиналып, елдегі сайлауды сынап, оған түрлі ат қойып, қарулы күштерді де қатарына қосып алмақ ойын білдірді. Солшылдар мемлекет бойынша наразылық ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын да хабарлады. 

Дональд Трамп та айтқанынан бас тартар емес. Джорджия штатындағы дауыс санау аяқталғаны мәлім болғанда Twitter-дегі парақшасында «Қылмысты әшкерелеймін» деп жазған. Ал сайлауды ұйымдастырушылар соңғы саяси науқанды ел тарихындағы ең әділ сайлау деп атап отыр. Ақүй баспасөз хатшысы Кейли Макенани «Дональд Трамп екінші рет Президент Трамп атанатынына сенеді» дейді.

Сайлау ұйымдастырушылардың мәлімдемесіне қарамастан, өткен аптада Джо Байденнен 20 дауыс алынып тастаған-ды. Алынып тастаған дауыстар Пенсильвания штатына тиесілі еді. Дегенмен бұл жаңалық оған кері әсерін тигізген жоқ. Өйткені дауыс саны бойынша Байден бәрібір де Трамптан озып тұр. Алайда ол Трампты жақтаушы белсенділердің пайдасына жарап тұр. Олар мұны себеп етіп, дауыс­тарды қайта санауды талап етуде.

Сенбі күні әлі де нақты нәтижесін хабарламаған Аризона мен Джорджия мәлімдеме жасады. АҚШ басылымдарының болжауынша, бұл тартыста Байден 306, Трамп 232 дауыс жинайды. Ал Солтүстік Каролина мен Аляска штаттары Трампты қолдады. Нақты нәтиже әлі де белгісіз. Өйткені пандемияға байланысты биылғы сайлауда азаматтар таңдауын пошта арқылы жіберген.