• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қараша, 2020

21 мыңнан аса оңалту құралы берілді

446 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан осы жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар үшін 21,3 мың оңалтудың техникалық құралы берілген.

Портал мүгедектігі бар адам­­дар­ға оңалтудың тех­ни­ка­­лық құралын (ОТҚ) өнді­рушілері мен жет­кізушіні өз бетінше таңдауға мүм­кіндік береді. Көмектің ке­піл­­дік бе­ріл­­ген түріне тапсырыс беру электронды цифрлы қолтаңба арқылы жүзеге асыры­лады. Тапсырыс беріл­ген оңал­ту­дың техникалық құра­лын жеткізу арқылы немесе өз бе­тін­ше алып кетуге болады. Қазіргі уа­қытта порталда ОТҚ-ның 55 түрінің 24-і қолжетімді. Олар­ды жеке таңдау қажет емес. ОТҚ-ның жеке таңдап беру­ді қажет ететін қалған түр­лері 2021 жылы порталға ауыстырылады.

«Қазан айында портал ар­қы­лы жеке көмекшілер мен ым­дау тілі мамандарының қыз­­­меттеріне тапсырыс беру, сондай-ақ санаторлық-курорт­тық емдеу меке­месін таңдау бойынша қыз­мет қанатқақты режімде іске қосылды. Биылғы 2 қарашадағы жағдай бо­йынша жеке көмекшінің қыз­­мет­­теріне 47, ымдау тілі ма­ма­ны­ның қызметтеріне 44 және санаторлық-курорт­тық ем­деуге 15 тапсырыс жа­сал­ған. Мүгедектігі бар адам­дар­­­­ды оңалту құрал­да­р­ы­мен қам­­та­масыз ету проте­з­дік-ор­то­­педиялық, сурдо­техн­и­ка­лық, тифлотехникалық және ги­ги­е­на­лық құралдарды, сон­дай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды», делінген министрлік таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, элек­трон­ды ресурс мүгедек­ті­гі бар адамдарды қажетті қыз­меттермен және жет­кізу­шіден тікелей ОТҚ-мен қам­тамасыз ету мақ­са­тында әзірленген. Қазіргі уа­қыт­та порталда 772 жеткізуші тір­келген, оның 25-і ОТҚ ұсынады. 747 ұйым арнайы әлеу­меттік қызметтер көрсетеді. Минис­тр­лік жет­кізушілердің санын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпа­­рат­тық жүйесін енгізу Мү­ге­­дектігі бар адамдардың құ­қық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақ­сар­ту жөніндегі ұлттық жос­пар шең­бе­рінде көзделген. 1411 нөмірі бойынша колл-орта­лық­тан порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.