• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қараша, 2020

Әлемді қызғылт сары етейік

369 рет
көрсетілді

Сәрсенбінің сәтінен бастап бүкіләлемдік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік науқаны басталды. Осы орайда Қазақстандағы АҚШ өкілдігі гендерлік зорлық-зомбылықтың салдары жайында әлеуметтік белсенділіктің 16 күндік акциясын ашық деп жариялады.

Науқан күндері аталған мәселе бо­йын­ша сарапшылар мен адвокаттар ген­­дер­лік құқықтар мен еркіндіктерді жүзе­ге асыру бойынша талқылау өткізеді. Әлеу­меттік желідегі науқанмен бірге, Бірік­кен Ұлттар Ұйымының «2030 жыл­ға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зом­бы­­лықты бірлесіп тоқтатамыз» атты ком­па­ния­сын қолдап, оның «Әлемді қыз­ғылт сары етейік: Қаржыландыру, Жауап беру, Алдын алу, Жинау!» деген жаһандық тақырыбына сай Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігі өз ғимаратының сыртына 16 күн бойы кешкі уақытта қызғылт сары түсті жарықпен көмкеріп қойды.

Жергілікті билік пен республикалық үкімет COVID-19 пандемиясын жою үшін маңызды шараларды қабылдағанымен, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өршуі туралы мәлімет қатары артқаны байқалады.

«Біз осы науқанда даусы маңызды қазақстан­дықтармен серіктес болғанды­ғымызды мақтан тұтамыз. Жеке тұлғалар мен ұйымдар науқанның мақсатына қарай, яғни Қазақстанда хабардарлықты арттыру және гендерлік зорлық-зомбы­лық­тың алдын алуда барлық адамдар маңызды рөл атқара алатындығын еске салуға негізделіп, шақырылды», дейді ұйымдастырушы тарап.

Насихат жұмысының алғашқы кейіпкері – Нина Балабаева. АҚШ Мемлекеттік департаменті Нинаның адам саудасына (TIP) қарсы қызмет ету саласындағы жұмысын мойындап қана қоймай, Адам саудасы туралы баяндаманың кейіпкері ретінде заманауи құлдықты тоқтатуды жақтай­тын қаһарман сыйлығын берген. Қазіргі Қазақстан қоғамында мемлекеттің ген­дерлік саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мәселелері жа­йында жан-жақты ақпарат елшіліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында күнде жарияланады.