Әлемді әуреге салған індет көптеген жағдайға өзгерістер енгізгені белгілі. Адамдардың қимыл-қозғалысы мен жүріс-тұрысына шектеу қойылып қана қоймай, қоғамдық көліктердің де қатынасы айтарлықтай азайды. Осы ретте аталған мәселе бойынша елордадағы ахуалға тоқталып өтсек дейміз.
City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сovid-19 індеті шектеу шараларын енгізуге мәжбүр ете отырып, қоғамдық көлік жұмысының форматын өзгертті. Дәлірек айтсақ, қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеуді енгізу, жолаушылар мен жүргізушілерге автобус салонында медициналық маска тағу, жолаушыларға қолжетімді орындарда, тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, жүргізушілерді күшейтілген медициналық тексеруден өткізу, автобустардың жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін шектеу (штаттық режімде сағат 01.00-ге дейін), автобус парктеріндегі және желідегі автобустарды, әр айналымнан кейін дезинфекциялық құралдармен толық дезинфекциялау.
«Елордада шектеу шараларын енгізу қоғамдық көлік жүйесіне қатты әсер етті. Қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 40%-ға төмендеді. Автобустар мен автотұрақтардағы дезинфекциялық жұмыстар, қала аумағында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар енгізілген уақыттан бері, 2020 жылғы 19 наурыздан бастап жүргізіледі. Автобус парктерінде ауқымды дезинфекцияны жүргізу үшін қаланың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің тиісті лицензиясы мен рұқсаты бар компаниялар тартылады. Сондай-ақ парктердің техникалық қызметкерлері мен автобус жүргізушілері жұмылдырылады. Автобустарды түнгі жуудан және өңдеуден басқа, қоғамдық көлік жұмысы кезінде жүргізушілер, күн сайын әрбір айналма жолдан кейін, соңғы аялдама пункттерінде автобустарды ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді», делінген ақпаратта.
Автобустарды бір реттік өңдеуге арналған дезинфекциялық шығын 2 872 литрді құрайды. Сонымен қатар компания әлі де кешенді жұмысты жалғастыруда. Оның негізінде қолайлы көлік ортасын құру және қолдау, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысында қауіпсіздікті сақтау және мобильді көлік құру қағидаты жатыр.
City Transportation Systems 2011 жылдан бастап, елордадағы көлік жүйесін басқару және дамыту функциясын жүзеге асырады. Компанияның негізгі функциялары – қоғамдық көліктің диспетчерлік және бағдарлық желісін дамыту, интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және басқару, көлік кәсіпорындары мамандарының біліктілігін арттыру, велосипедтердің қолжетімділігі мен жайлылығына бағытталған велоширингті дамыту, жол желісінің қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жол қозғалысын ұйымдастыру, елордада жолаушылар тасымалдауда жайлылық пен қаржы ағындарының ашықтығын арттыру мақсатында, электронды жол ақысын төлеу жүйесін енгізу, жолаушыларды тасымалдау кезінде көлік жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтау және жою.
«Елордада көлік ағынын басқару үшін компанияның негізінде Мәскеу ЦОДД аналогы трафикті басқару орталығы бар. Қозғалыстарды тиімді реттеу үшін операторлар «24/7» режімінде жол желісінің трафик жүктемесін бақылаумен айналысады және қажет болған жағдайда (мысалы, жол апаты болған жағдайда) бағдаршамның реттелуіне араласады. Реттеу құралы – omnia платформасындағы интеллектуалды көлік жүйесі, ол адаптивті режімде қиылыстардағы бағдаршамдардың фазаларын басқарады. Жүйе жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндірушілерге басымдық беруге мүмкіндік береді», дейді компания мамандары.
Желідегі автобустар кестесінің сақталуын үйлестіру және бақылау үшін біріңғай диспетчерлік қызмет бөлімі жұмыс істейді. Оның құзыретіне бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету, сондай-ақ автобус парктерінің бұзылуын тіркеу кіреді.
Қажет болған жағдайда құрылым сондай-ақ төтенше және шұғыл жағдайларды жедел пысықтаумен, автобустарды желіден алып тастаумен және адамдарды эвакуациялау үшін қажетті орынға жеткізумен айналысады. Елордадағы қоғамдық көлік жүйесі – бұл өте ауқымды және нақты жоспарланған маршруттық желі. Ол қаланың барлық ауданын, оның ішінде орталықтан 50 км радиустағы аудандар мен және қала маңындағы елді мекендерді қамтиды. Елорданың бағыттар желісінің жалпы ұзындығы 4067,9 км құрайды. Бұл желі 86 бағыттан тұрады: 64 қалалық және 22 қала маңы бағыттары. Ал экспресс-бағыттар қазіргі уақытта тоқтатылған. Елордада айтылған бағыттар бойынша күнделікті 794 қоғамдық көлік қызмет етеді: 727 қалалық және 67 қала маңындағы көліктер. Қоғамдық көлікті модернизациялау шеңберінде жаңа жолаушыларды тасымалдау түрлері (қала маңы, экспресс, sport shuttle bus бағыты) енгізілді, 43 жаңа қалалық бағыттар ұйымдастырылды, 72 қалалық бағыттардың жол жүру бағыты жаңартылды. Сондай-ақ 24 учаскісінде ұзындығы 77 шақырымды құрайтын Bus Lane жолақтары енгізілді. Бұл час-пик уақытында, автобустардың күту уақытын 15%-ын қысқартуға мүмкіндік берді.
Жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында желідегі бақылау жүйесі күшейтілген. Дәлірек айтсақ, автобустардың санитарлық және техникалық жағдайын бақылау жүзеге асырылады, автобус жүргізушілерінің жол ережесін бұзу қаупінің алдын алады, жолаушыларды билетсіз тасымалдау анықталды. Осы қызметтің нәтижесінде 2020 жылы билетсіз тасымалдау бойынша 150 мыңға жуық факті мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 165 жағдайы тіркелді. Қала бюджетіне салынған айыппұлдар есебінен (2018 жылдан бастап) 121 млн теңгеден аса қаражат түсті. Мемлекет басшысы мен қала әкімінің тапсырмасы бойынша штат санын оңтайландыру шеңберінде ішкі еңбек резервтері есебінен, көліктік бақылау Департаментін күшейту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 7 бағдаршам объектілерінің тіректері бағдаршамның негізгі сигналдарын қайталайтын жарықтандырумен жабдықталған. Бұл шара жол қозғалысына қатысушыларды, бағдаршам сигналдарын жақсы қабылдауы мен көрінуін жақсарту үшін қолданылады. Бағдаршам объектілері тіректерінің жарықтандырылуы, тәуліктің қараңғы уақытында, жолдың нашар көрінуі және қолайсыз ауа райы жағдайларында қозғалыс қауіпсіздігін арттыра отырып, оң нәтиже көрсетті. Жол ақысын төлеудің электронды жүйесін енгізуге (ЖАТЭЖ) байланысты көрсетілетін қызметтердің сапасына, күнделікті мониторинг жүргізу қажеттілігі туындады. Осы қызметтің барлығын көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері атқарады.
Бүгінде КБД жұмысының арқасында жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар деңгейі айтарлықтай төмендеді, жолаушыларды билетсіз тасымалдау фактілері азайды, сондай-ақ қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары азайды. Мысалы, КБД қызметкерлері жыл басынан бері жеңілдігі бар азаматтар санаттарына жатпайтын жолаушылардан 815 жеңілдігі бар көлік карталарын тәркіледі.