• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2020

Мысыр елінен келген авиажолаушылардың тең жартысы ПТР тапсырмаған

97 рет
көрсетілді

9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

1 133 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 964 адам, анықтамасыз 169 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен - 602, анықтамасыз - 29;Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен - 258; анықтамасыз - 139;Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 1;Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантиндік стационарда тест сынамасының нәтижелерін күтуде.Мысыр елінен Нұр-сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.